Авокадоны «авокадо" деп қалдыруды қолдаймын. Неге?
Тіл сол ұлттың мәдениетінен хабар беретіні белгілі. Біздің жерімізде авокадо өспеген, сәйкесінше, оның аудармасы жоқ. Аударудың да қажеті жоқ. Мысалы, Мексикада оның 400-ден астам Толығырақ ...атауы бар. Сәйкесінше, 400 атаумен тілдік қорын байытып отыр.
Сол секілді, біздің "айран» сөзімізді өзге елдер дәл сол қалпында қолданады. Бәрібір дәл аударма жасай алмас.
Айтпақшы, қазақ тілінде қатық айран, кілегей айран, шалап деген айранның түрлері кездеседі. Айран - біздің (түркі жұртының) ұлттық сусын. Сондықтан, өзге тілдер біздің тілде айтады.
Авокадо да солай.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

Тұшымды пікір жазған екенсіз, «Авокадо» деп қалдыруды қолдаймын.
Авокадо (lat: avokado) – жемісі жеуге жарамды лавр тұқымдас мәңгі жасыл тропикалық немесе субтропикалық ағаш. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Толығырақ ...Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.