Автордың кейінгі бес-он жыл ауқымында жазылған ой-пікір-
лері жинақталған бұл кітапта қазақ тілінің мемлекеттік мəртебеле-
нуінің қиын да қызықты жолдары, пікірталастар, тілтірестер
барланады. Елмен бірге еңсерілген тіл шеруі өзіндік топшылаулар
негізінде сараланады.
Еңбек қазақ тілі жанашырларына жəне жалпы оқырман көпші-
лікке арналған. Мемлекеттік тіл тағдырына қызығушы мамандар
мен жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттері
үшін де танымдық мəні бар.