Библиография
Тұлға & Терминология
Мектеп терминологиясы
Мониторинг

| № | Термин | Дефиниция | Пәні | Класы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | EV3 модулі | роботтарды қозғалтуға арналған басқару блогы | Информатика | 1 |
| 2 | LEGO Mindstroms | роботты программалайтын құрастырушы | Информатика | 1 |
| 3 | LEGO Mindstroms Education EV3 | білім беру орындарына арнайы әзірленген жетекші платформа | Информатика | 1 |
| 4 | азайту | «–» (минус) таңбасымен белгіленетін математикалық амал | Математика | 1 |
| 5 | азайтқыш | азайту амалындағы азайғыштан шегерілетін сан | Математика | 1 |
| 6 | азайғыш | азайту амалын орындау кезінде шамасы кемітілетін сан | Математика | 1 |
| 7 | айырма (айырманың мәні) | азайту амалының нәтижесі | Математика | 1 |
| 8 | Алгоритм | белгілі бір ретпен орындалатын әрекеттер | Информатика | 1 |
| 9 | Алгоритм | белгілі бір ретпен орындалатын әрекеттер | Информатика | 1 |
| 10 | алдыңғы сан | бұл тікелей берілген санның алдында тұратын сан | Математика | 1 |
| 11 | арамшөп | мәдени өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіретін жабайы өсімдік | Жаратылыстану | 1 |
| 12 | Арқар | Орталық Азияның таулы аймақтарында мекендейтін жабайы жануар | Дүниетану | 1 |
| 13 | Ас мәзірі | тамақтануға арналған тағамдар мен сусындардың тізімі | Дүниетану | 1 |
| 14 | астроном | аспан әлемін зерттейтін ғалым | Жаратылыстану | 1 |
| 15 | Астрономия | аспан денелері, олардың құрылысы, қозғалысы туралы ежелгі ғылым | Жаратылыстану | 1 |
| 16 | астрономия | аспан денелерін, құрылысын, қозғалысын зерттейтін ғылым | Жаратылыстану | 1 |
| 17 | Ауыл | шағын елді мекен | Дүниетану | 1 |
| 18 | ағаш | діңі, бұтағы, жапырағы бар көпжылдық өсімдік | Жаратылыстану | 1 |
| 19 | ақиқат | пікір, дұрыс пікір | Математика | 1 |
| 20 | Ақпарат | қоршаған ортадағы түрлі мәліметтер, құбылыстар | Информатика | 1 |