Бүгінде әлеуметтік қызметі арта түскен, жазба да, ауызша да кеңінен қолданыла бастаған қазақтың мемлекеттік ұлттық әдеби тілінің мәдениетін көтеру, зерттеу, насихаттау алға қойылып отыр. Тіл мәдениетінің өзекті мәселесінің бірі – норма. Бұл еңбек осы тілдік нормаларды танытуға, олардың түрлерін, негізін, қазіргі күй-қалпын көрсетуге арналған.
Кітап тіл мәдениетін көтеруге қызмет ететін қалам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, баспагерлерге, мектеп мұғалімдері мен тіл-әдебиет ұстаздарына, студенттер мен оқушыларға, сондай-ақ ана тілінің сындарлығын қалайтын қалың оқырман жұртшылыққа ұсынылып отыр.