Ұлттың тұтастығын сақтайтын рухани құндылықтардың ең негізгісі сана-
латын тіл мәселесі қай заманда да өзекті болды және өз кезеңінде ел зиялыла-
рын бейжай қалдырмады.
Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Дала уалаятының газетінен»
бастап, ХХ ғасырдың 30-жылдарында шыққан «Жас Түркістан» журналы
аралығындағы Алаш басылымдарының тіл мәселесіне қатысты құнды жари-
яланымдары топтастырылған. Сонымен бірге мұрағаттардан алынған тарихи
құнды құжаттар мен алаш қайраткерлерінің жеке жинақтарына енген тілге қа-
тысты көсемсөздері енгізіліп отыр.
Кітап елдіктің тұғыры саналатын тіл мәселесін зерттеп жүрген ғалымдарға,
алаштанушы мамандарға, сонымен бірге Алаш көсемсөзі қайнар көзінен нәр
алғысы келетін жалпы оқырмандарға арналады.