Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.

Эксперты

«Пикник" сөзін қазақша мәтіндерде "көкке шығу" демей, "пикник» деп қолдана беруге бола ма?
  • ≡ Нұрзия Әбдікәрімқызы 1 апта бұрын

    Пикник – табиғат аясында, көбінесе ашық ауада ұйымдастырылатын, адамдардың бірге тамақтануы мен демалуына арналған серуендік іс-шара. Сөздің төркініне үңілсек, «пикник» сөзі француз тілінің pique – «шаншу», іліп алу, шымшу; nique Толығырақ ...– «ұсақ-түйек», «болмашы нәрсе» деген сөздерінің бірігуінен шыққан. Францияда XVII ғасырда қалыптасқан «pique-nique» сөзі алғашқы кезде «әркім өзі тамақ әкелетін ортақ дастарқан» деген ұғымды білдірген. Кейін бұл атау табиғат аясында тамақтану, серуендеу мағынасында орныққан, ал ағылшын тіліне XVIII ғасырда, бізге осы тілдің ықпалымен енді. Оған дейін қолданылып келген орыс тілінің «маевка» сөзін ығыстырды. «Пикник» сөзінің этимологиясын қазақы түсінік тұрғысынан қарастырсақ, соншалықты маңызды мәнді көре алмаймыз. Сондықтан өз тіліміздегі ұғым-түсініктер негізінде «дала дастарқаны» ретінде де қабылдауға болады. Бұл сөз әлем тілдерінде көбінесе жарыспалы нұсқада қолданылады. Мысалы, өзбекше«tabiat qo‘ynidagi dam olish» (табиғат аясындағы демалыс), түрікше «kır gezisi» (дала серуені), моңғолша «хээрийн зугаалга» (даланың серуені), испанша «merienda campestre» (табиғат аясындағы жеңіл ас), италиянша «gita fuori porta» (қала сыртындағы демалыс) және т.б. баламалары бар. Сондықтан, менің ойымша, ана тіліміздегі «көкке шығу» нұсқасын қолданудың еш сөкеттігі жоқ.
    Сіздер қалай ойлайсыздар?

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.