Ұлы дала тұлғалары

Кітап авторы: Құдайберген Жұбанұлы
Кітап жайлы мәлімет: Жалпы редакциясын басқарған филол.ғ.д., профессор М.Малбақов. –Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2013. – 448 бет.
ISBN:

«Ұлы дала тұлғалары» сериясымен жарық көріп отырған бұл ғылыми-танымдық
еңбекте қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушы, қазақ филологиясының
тұңғыш профессоры, ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері Құдайберген Қуанұлы
Жұбановтың өмір жолы, қоғамдық қызметі баяндалады. Қ.Жұбановтың тіл білімі
саласындағы еңбектері, ғылымға қосқан жаңалықтары мен соны тұжырымдары, қазіргі
ғылыми парадигмамен сабақтастығы, теориялық маңыздылығы талданып, ғалымның
ғылыми тілдік тұлғасы жан-жақты ашылады. Сонымен қатар ғалымның көркем әдебиет,
публицистика, әдістеме салаларындағы зерттеулері, аудармашылық, драматургтік,
ақындық, суретшілік өнері туралы мәлімет беріледі. Ғалым еңбектері туралы қорғалған
диссертацияларға шолу жасалып, жұбановтану ілімінің жалғастығы баяндалады.
Жұбановтар әулеті туралы деректер келтіріліп, абзал азамат, ұлтын сүйген ұлағатты ұл
Қ.Жұбановтың азаматтық тұлғасын ашу мақсатында жарының, жақын туыстарының және
көзкөргендердің естеліктері беріледі.
Кітап тіл мамандарымен қатар, көпшілік оқырман қауымға арналған.