Қытайша–қазақша үлкен сөздік

Кітап авторы: Дүкен Мәсімханұлы, Айнұр Әбиденқызы
Кітап жайлы мәлімет: Қ -92 Қытайша – қазақша үлкен сөздік. Құрастырғандар: Д.Мәсімханұлы, А.Әбиденқызы/ Алматы: «Эксклюзив КА», 2017. -1032 б
ISBN:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті қытайтанушы- ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Мәсімханұлы мен шетел филологиясының магистрі, доцент А.Әбиденқызы құрастырған «Қытайша –қазақша үлкен сөздік» деп аталатын сөздікке қазіргі қытай тілінің қолданысындағы 70 мыңға жуық сөздері мен сөз тіркестері (тұрақты тіркестері) қамтылған.

Сөздік ЖОО мен мектептерде қытай тілі бойынша білім берушілер мен білім алушыларға, қазақ – қытай тілдері бойынша тәржіме жұмысымен айналысатын аудармашыларға, Қазақстан –Қытай қарым қатынасы саласында қызмет атқаратын дипломатиялық мекемелер мен олардың қызметкерлеріне, қытай тілі, қытайтану және ғылым, жалпы тіл білім саласында ізденіп жүрген ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ қытай тілін өз бетімен үйренгісі келетін жалпы көпшілікке арналған.