Егеменді Қазақстанның жаңа геосаяси, әлеуеметтік –экономикалық және тарихи –мәдени жағдайындағы даму кезеңі терминология саласына елеулі өзгрістер енгізді. Терминдердің басым көпшілігі бүгінгі уақыт талабына, ұлт тілінің мүддесіне қарай қайта қаралып жаңа баламалармен алмастырылды.
Бұл сөздікте ғылым мен білім саласында ерекше орын алатын қоғамдық ғылымдар терминдері қамтылған. Оның ішінде қолданыс жиілігі жоғары салалық терминдермен қатар, тар салалық терминдер де берілген.
Сөздік сала мамандарына, тілшілер мен тілтанушыларға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне және жалпы оқырман қауымға арналады.