Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

| # | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг |
|---|---|---|---|
| 1. | Бронь- | 1, Оққаптан(Оқ өтпес үшін әскери техникаларды қаптайтын құрыш болат) 2, Аманаттық тапсырыс | |
| 2. | Чат | Кеңесжай, кеңестоп | |
| 3. | Визитка- | Танысқы, аткард(ат+card) | |
| 4. | Блогер- | Бұл атау өз қалпында қалуы керек | |
| 5. | Батерея- | Қуатқы(Атқы, шапқы деген сөздер бар ғой тілімізде) | |
| 6. | Субсидия | Жәрдемақы, қосымшақаражат | |
| 7. | Банкрот | Күйреу, қаржылық қыспақ | |
| 8. | Касса | Төлемтерезе | |
| 9. | Брифинг | БАҚ-баян | |
| 10. | Деларация(declaration) | Үнжарғы(АҚШ-тың тәуелсіздік үнжарғысы) 2, statement, declaration- Үнбекім 3, Кедендік сауалнама |

| # | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг |
|---|---|---|---|
| 1. | Акоп | Оқпана | |
| 2. | Дорожный каток | Зілтабан | |
| 3. | Чемодан | Жағылан(Чемодан сөзі қазақ тіліндегі жағыланнан ауықан жоқ па?) | |
| 4. | Мәнпар(тамақ) | Көже(оының кеспе көже, жұлма көже сынды түрлері бар) | |
| 5. | Каша(балаларға арналған) | Былмақ(Ботқа үлкен дамдардың тамғы ғой) |

кешіріңіздер, ауысқан деп оқыңыздар

Акоп емес, орысша - ОКОП

Быламық - тісі жоқ қарияларға арнайы пісіріледі, "Қате болса, быламыққа тіс сынады" деген содан. Ботқа - каша

| # | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг |
|---|---|---|---|
| 1. | Навигатор | Жолжетек(Экранды шарлау аспаптары дегеннен жақсы ғой) | |
| 2. | Маска(медицина) | Беттұмша(бетперде емес) | |
| 3. | Наушник | Тыңдауыр (тілімізде шымшуыр деген сөз бар ғой, құлаққап деген дұрыс емес деп ойлаймын) | |
| 4. | Курсор | Нұржетек(Меңзер емес) | |
| 5. | Карманный Зарядка | Тоққосар(тоқты толтырып қосарлап алып жүретін нәрсе ғой) |

Курсордың меңзер деген атауы көңілге қонымды.Себебі ол бірдемені меңзеп, көрсетіп тұрады. Нұржетек бір окказионал қолданыс секілді көрінді маған.

Меңзер өз орнында тұр. Жетек мағынасы жақындағанмен, нұр сөзін қосқан соң мағынадан алшақтап кетті
маска-беттұмша жақсы екен
Төлемтерезе термині ұнады. Әбден сіңіп кеткен бұл сөзді төлемтерезе деп алмастыру қиын болғанымен, уақыт өте үйренісіп кететінімізге сенімдіміз.
Кассаның аудармасы "төлемтерезе" сәтті термин, шынымен де касса дегенде бірінші ойға терезелі жер еске келеді
Төлемтерезе менде қолдаймын
Басқа пікірлерді көрсету