Ұлт ұстазы, қазақ тілі мен әдебиетінің негізін салушы Ахмет Байтұрсын ұлының алты томдық шығармалар жинағының 5-томына «Ер Сайын» (Мәскеу, 1923), «23 жоқтау» (Мәскеу, 1926) атты ауыз әдеби мұрасы, әр жыл дары жазған көсемсөздері, сондай-ақ бұрын еленбей келген еңбектері мен табылған туындылары топтастырылды. Жинақ ЖОО оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, докто ранттарға, сондай-ақ Алаш мұрасына ынтызар қалың оқырманға арналған.