Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

1. «внутренний мигрант - ішкі мигрант" деп алыныпты. Меніңше, егер біз "миграция" дегенді "көші-қон" деп алған болсақ, "мигрант" - "көшіп-қонушы" деп аударылу қажет сияқты. Сонда "внутренний мигрант - ішкі көшіп-қонушы" Толығырақ ...деп аударылу керек.
2. "Сельское население - ауыл халқы" - меніңше, "ауыл тұрғындары" болу керек. "халық" деген "народ" деп аударылады. Жалпы, халық деген - жалпы атау, ел ішіндегі барлық адамдарды білдіреді, ал "тұрғындар" деген - белгілі бір ауыл-аймақтың, елдімекеннің адамдары, сол елде тұратын халқы.
3. "Внебрачное рождение" - "некеден тыс туылу" делінген. Рождение - туу болса, "некеден тыс туу" болады. Қазіргі уақытта көптеп кездесетін қате сөздің бірі "туылған күн". Дұрысы - "туған күн". Сол сияқты "некеден тыс туу».
  • Сәлеметсіз бе, Жанар Махатова! Сіздің пікіріңіз өте орынды, қолдаймыз. Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы өзекті мәселенің бірі – терминдердің бірізділігі. Сіз атап өткен «мигрант», «миграция» терминдерінің қазақша атауы болғанымен, кейін өзге Толығырақ ...тілдегі нұсқасы қайта бекітілген. Қазақ тіліндегі атауы бола тұра, өзге тілдегі атауын қолданудың қажеттілігі шамалы. Қазақ тілінде ыңғайлы және қисынды болса, терминнің қазақша атауын қолдана берген жөн деп санаймыз.
    1. Мигрант – мигрант (2019 жылы бекітілген термин)
    2. Көшіп-қонушы – мигрант (2016 жылы бекітілген термин)
    3. Мәжбүрлі көші-қон – вынужденная миграция ( 2022 жылы бекітілген термин)
    4. Ішкі миграция – миграция внутренняя (2018 жылы бекітілген термин)
    5. Миграция; көші-қон – миграция (2018 жылы бекітілген термин)
    6. Халықаралық көші-қон – международная миграция (2018 жылы бекітілген термин)
    7. Еңбек көші-қоны – трудовая миграция (2016 жылы бекітілген термин)
    8. Ішкі көші-қон – Внутренняя миграция (2016 жылы бекітілген термин)

  • Қайырлы күн, Жанар! Пікіріңіз өте орынды. 2016 жылы "мигрант-көшіп-қонушы" түрінде бекітілген. Өкінішке қарай, 2019 жылы қайта бекітуге ұсынылып, "мигрант" болып кеткен. Термин ұсынушы тарап соңғы бекітілген нұсқаны басшылыққа алғандықтан, "ішкі мигрант" термині бекітуге ұсынылған.

  • "Сельское население - ауыл халқы" деген терминнен басқа "сельский житель" деген де термин бар. Екеуінің мағыналық жағынан сәл де болса айырмашылығы бар. Ауыл халқы - ауылдық жерлерде, ауылдарда Толығырақ ...және қалаларға жатпайтын басқа елді мекендерде тұратын адамдарға арналған жалпы атау, ал ауыл тұрғыны - ауылдық елді мекендерде тұратын халық., яғни бұл жалпы атау емес.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

A PHP Error was encountered

Severity: Core Warning

Message: PHP Startup: Unable to load dynamic library 'imagick.so' (tried: /usr/lib/php/20180731/imagick.so (/usr/lib/php/20180731/imagick.so: undefined symbol: php_error_docref), /usr/lib/php/20180731/imagick.so.so (/usr/lib/php/20180731/imagick.so.so: cannot open shared object file: No such file or directory))

Filename: Unknown

Line Number: 0

Backtrace: