Severity: Notice
Message: Undefined index: post_data_count
Filename: controllers/Alan.php
Line Number: 344
Backtrace:
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 344
Function: _error_handler
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 1070
Function: get_post_items
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once
Сәлеметсіз бе, Жанар Махатова! Сіздің пікіріңіз өте орынды, қолдаймыз. Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы өзекті мәселенің бірі – терминдердің бірізділігі. Сіз атап өткен «мигрант», «миграция» терминдерінің қазақша атауы болғанымен, кейін өзге Толығырақ ...тілдегі нұсқасы қайта бекітілген. Қазақ тіліндегі атауы бола тұра, өзге тілдегі атауын қолданудың қажеттілігі шамалы. Қазақ тілінде ыңғайлы және қисынды болса, терминнің қазақша атауын қолдана берген жөн деп санаймыз.
1. Мигрант – мигрант (2019 жылы бекітілген термин)
2. Көшіп-қонушы – мигрант (2016 жылы бекітілген термин)
3. Мәжбүрлі көші-қон – вынужденная миграция ( 2022 жылы бекітілген термин)
4. Ішкі миграция – миграция внутренняя (2018 жылы бекітілген термин)
5. Миграция; көші-қон – миграция (2018 жылы бекітілген термин)
6. Халықаралық көші-қон – международная миграция (2018 жылы бекітілген термин)
7. Еңбек көші-қоны – трудовая миграция (2016 жылы бекітілген термин)
8. Ішкі көші-қон – Внутренняя миграция (2016 жылы бекітілген термин)
Қайырлы күн, Жанар! Пікіріңіз өте орынды. 2016 жылы "мигрант-көшіп-қонушы" түрінде бекітілген. Өкінішке қарай, 2019 жылы қайта бекітуге ұсынылып, "мигрант" болып кеткен. Термин ұсынушы тарап соңғы бекітілген нұсқаны басшылыққа алғандықтан, "ішкі мигрант" термині бекітуге ұсынылған.
"Сельское население - ауыл халқы" деген терминнен басқа "сельский житель" деген де термин бар. Екеуінің мағыналық жағынан сәл де болса айырмашылығы бар. Ауыл халқы - ауылдық жерлерде, ауылдарда Толығырақ ...және қалаларға жатпайтын басқа елді мекендерде тұратын адамдарға арналған жалпы атау, ал ауыл тұрғыны - ауылдық елді мекендерде тұратын халық., яғни бұл жалпы атау емес.