Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуы-
на арналған алғашқы əліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын
тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақ баспасөзінің негізін қалаушы. Жинақтың
4-томына Оқу құралы: қазақша əліппесі (1912), Əліп-би (1926), Сауат ашқыш
(1926) атты оқулықтары жəне өзекті мəселелерді көтерген түрлі тақырыптағы
мақалалары топтастырылып берілді.
Жинақ мектеп оқытушыларына, ЖОО ұстаздары мен тіл мамандарына,
жалпы кітапқа ынтызар оқырман қауымға арналған.