Сөздікте нарықтық экономиканың түрлі салаларына қатысты 10000-нан астам термин қамтылған. Атап айтқанда, жалпы экономика, қаржы-кредит ұғымдарының, бюджет, банк, салық, сақтандыру жүйелерінің, бухгалтерлік есеп пен есеп –қисап, аудит, қаржылық бақылау, сыртқы экономикалық қатынас, электрондық коммерция салаларының, карточкалық төлем жүйесінің алдымен орысша атаулары беріліп, сонан соң олардың қазақша, ағылшынша баламалары келтірілген. Мұның өзі қаржы жүйесінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, оның экономика салаларында қолданылу аясын кеңейту жолындағы игі талпыныстан туды.
Сөздік қаржы –кредит, банк, бюджет, бухгалтерлік есеп салаларының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ жалпы оқырман көпшілікке арналған.