Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография



Пікіріңіз орынды. «Репутация» мен «авторитет» сөзі бір-біріне синоним емес. Алайда біраз жерде мағынасы бір термин ретінде бекітілген. Төменде аздап мағынасына қатысты тоқталып өтсек:
Репутация – атақ, абырой. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Толығырақ ...Он бес томдық. 12-том / Құраст. А.Үдербаев, О.Нақысбеков, Ж.Қоңыратбаева және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
Авторитет (lat: avtoritet) Саясаттануда:
1) қандай да бір іс-әрекеттер негізінде ие болған бедел немесе қоғамда ерекше бағаланатын құндылықтарға негізделген билікті жүзеге асыру түрі;
2) күш қолданбай ықпал ету құралы;
3) бағынушылар ерікті түрде заңдылығын мойындаған билікті басқару түрі. Авторитет қоғамның, әлеуметтік топтың, ұжымның, мемлекеттің, қоғамдық саяси ұйымның өз кезегінде жеке тұлғаның немесе топ адамдардың қоғам немесе мемлекет ісіне шынайы, байсалды ықпалын мойындауы. Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. - 616 бет.
Абырой (lat: abyroi) – ар-намыстың тазалығы және адамгершілік, еңбек, шығармашылық т.б. қызмет арқылы көпшілік тарапынан сый-құрметке ие ететін адамның қадір-қасиеті, қоғамдық бейнесі, беделін білдіретін іргелі этикалық категория. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б.
Репутация – бұл қоғам алдындағы адамның тұрақты бейнесі. Ол жеке қасиеттерден, іс-әрекеттен, мінез-құлық мәнерінен, ойлау қабілетінен, өмір салтынан және көпшілікке белгілі әртүрлі жетістіктерден құралады. Психологияда репутация жеке тұлғаны әлеуметтік бағалау немесе стереотиптер жиынтығы деп аталады. https://sidorinlab.ru
Егер адам данышпан, мейірімді, көмек беруге дайын адам ретінде репутацияға (абыройға) ие болса, оның көмегіне үнемі жүгінеді, кеңесіне құлақ асады. Ал егер адам туралы бәдік, сатқын, алаяқ деп айтылса, онда ешкім оған құпиясын білдірмей, онымен шын жүректен сөйлескісі келмейді. https://psychologist.tips/3814-reputatsiya-chto-eto-takoe-s-pozitsii-psihologii-kak-isportit-ispravit-i-sohranit-reputatsiyu-cheloveku.html
Былайша айтқанда, кез келген адам авторитетке (беделге) ие болу үшін еңбегі сіңу керек. Ал репутация (абырой) әр адамда бар.

Керемет!


"Отжапқы" терминін қолдаймын. Ұсынысыңызды дәлелдеп, Тіл саясаты комитетіне хат жолдасаңыз болады немесе жыл аяғында Алаңда жазылған пікірлерді жинап, Комитетке біз ұсынысхат жібере аламыз.

Пікіріңізге рақмет! Қабылданса, барлығымызға техникалық терминдерімізді бір "сілкіп" алғанымыз дұрыс болар еді....

"Отжапқы" сөзінде терминге тән белгілер бар. Ықшамдылық, қысқалық, дәлдік тәрізді. Ұсынысты қолдауға болады.


Сәлеметсіз бе! "Насадка-саптама" деп Сәулет өнері және құрылыс саласында 2021 жылы бекітілген. Ол,әрине, сіз айтып отырған терминге қатысы жоқ. "Арындық" аудармасын ұсыну себебін дәлелдеп, Тіл саясаты комитетіне хат жолдасаңыз болады Толығырақ ...немесе жыл аяғында Алаңда жазылған пікірлерді жинап, Комитетке біз ұсынысхат жібере аламыз.

Дұрыс айтасыз! "Насадканың" да түі бар ғой, шаңсорғышқа "саптама" барар, ал су бүркейтін жабдыққа (спринклер жүйесі) үйлесінкіремейді....

"Арындық" сөзі түсіндірме, терминологиялық сөздіктерде кездеспейді. Мүмкін, саланың ерекшелігіне қарай ғылыми негізді анықтама берілсе, жасанды сөз ретінде қарастыруға болады деп ойлаймын.


Ассаламу ғалейкүм, бауырым! Күшкеме бұрынғысынан жақсырақ деп ойлаймын.

Тағы жегін деген сөз бар, жегінкеме. Жегін - жегілген, ал жегілмеген буксирді жегін десек, шатақ сияқты

Бір қарағанда сәтті де жақсы, дефиницияны ашады. Бірақ әлде де зерделеп, көру керек. Қолданысқа ыңғайлы, сұранып тұр. Тек кейіннен шынымен де күшті қажет ететін кеменің басқа түрі шығып қалып, аңтарылмасақ болды
«Мәтін ұяшығы, мәтін жолағы» нұсқасын қолдаймын.
Мәтін жолағы – текстовое поле (Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Толығырақ ...Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы)
Мәтін жол – текстовое поле (Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 Қаулысы).
Мәтiндiк алаң – текстовое поле (Электроника, радиотехника және байланыс категориясы)
Пікіріңізге рызамын. Жалпы сөз мағынасында "Ұя" емес, "Ұя+шық" деп алудың негізі бар ма екен? Жалпы біліп түсіну үшін сұрап отырмын. Рақмет!
Ұя – гнездо, ұяшық – ячейка. «Ұяшық» терминіне қатысты қысқаша тоқталып өтсек:
Ұяшық – компьютерлік бағдарламаларда, трафареттік басу қалыптарында қолданылатын термин. Баспа және полиграфия терминдерінің түсіндірме сөздігі / С. Медеубекұлы, Б. Толығырақ ...Омарова, Р. Әбдиева. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2013. - 232 б.
Ұяшық (Ячейка) – бір нәрсенің әр жеке буыны, тереңдету, ұңғыл, саңылау.
Словарь русского языка: В 4-х т. / РАН, Ин-т лингвистич. исследований; Под ред. А. П. Евгеньевой. — 4-е изд., стер. — М.: Рус. яз.; Полиграфресурсы, 1999;
2016 жылы «ячейка» терминінің қазақша атауы «Ұяшық» деп бекітілген. Бұдан бөлек, «ұяшық» терминінің мынадай бекітілген нұсқасы бар:
1. Ұяшықтар диапазоны – диапазон ячеек (2023 жылы бекітілген термин)
2. Өндірістің икемді ұяшықтары – гибкие ячейки производства (2022 жылы бекітілген термин)
3. Контурлы-ұяшықты орауыш – контурно-ячейковая упаковка (2021 жылы бекітілген термин)
4. Контурлы-ұяшықсыз орауыш – контурно-безъячейковая упаковка (2021 жылы бекітілген термин)
5. ОМҰ Оптикалық модемнің ұяшығы – ЯОМ Ячейка оптического модема (2007 жылы бекітілген термин)
Информатика және есептеуіш техника категориясында қолданылатын нұсқасы:
1. Жадтайтын құрылғы ұяшығы – Ячейка запоминающего устройства
2. Негізгі аумақ ұяшығы – Ячейка основной области
3. Тізім ұяшығы – Ячейка списка
4. Электрондық кесте ұяшығы – Ячейка электронной таблицы
5. Деректер ұяшығы – Ячейка данных
6. Фрейм ұяшығы – Ячейка фрейма
7. Тармақталу ұяшығы – Ячейка ветвления
8. Таспа ұяшығы – Ячейка ленты
9. Регистр ұяшығы – Ячейка регистра
10. Триггер ұяшығы – Ячейка триггера
11. Жұмыс ұяшығы – Рабочая ячейка
12. Кескіндер ұяшығы – Ячейка изображений
13. Жад ұяшығы – Ячейка памяти