"
Ағылшын тіліндегі TEXTBOX сөзін түріктер METIN KUTUSU деп алып жүр екен, біз МӘТІН ҰЯСЫ десек қалай? СӨЗҰЯ деуге де болады....
Abdikarim
  • «Мәтін ұяшығы, мәтін жолағы» нұсқасын қолдаймын.

    Мәтін жолағы – текстовое поле (Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Толығырақ ...Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы)

    Мәтін жол – текстовое поле (Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 Қаулысы).

    Мәтiндiк алаң – текстовое поле (Электроника, радиотехника және байланыс категориясы)

  • Мендигереев Азамат 2 жыл бұрын

    Пікіріңізге рызамын. Жалпы сөз мағынасында "Ұя" емес, "Ұя+шық" деп алудың негізі бар ма екен? Жалпы біліп түсіну үшін сұрап отырмын. Рақмет!

  • Ұя – гнездо, ұяшық – ячейка. «Ұяшық» терминіне қатысты қысқаша тоқталып өтсек:
    Ұяшық – компьютерлік бағдарламаларда, трафареттік басу қалыптарында қолданылатын термин. Баспа және полиграфия терминдерінің түсіндірме сөздігі / С. Медеубекұлы, Б. Толығырақ ...Омарова, Р. Әбдиева. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2013. - 232 б.

    Ұяшық (Ячейка) – бір нәрсенің әр жеке буыны, тереңдету, ұңғыл, саңылау.
    Словарь русского языка: В 4-х т. / РАН, Ин-т лингвистич. исследований; Под ред. А. П. Евгеньевой. — 4-е изд., стер. — М.: Рус. яз.; Полиграфресурсы, 1999;

    2016 жылы «ячейка» терминінің қазақша атауы «Ұяшық» деп бекітілген. Бұдан бөлек, «ұяшық» терминінің мынадай бекітілген нұсқасы бар:
    1. Ұяшықтар диапазоны – диапазон ячеек (2023 жылы бекітілген термин)
    2. Өндірістің икемді ұяшықтары – гибкие ячейки производства (2022 жылы бекітілген термин)
    3. Контурлы-ұяшықты орауыш – контурно-ячейковая упаковка (2021 жылы бекітілген термин)
    4. Контурлы-ұяшықсыз орауыш – контурно-безъячейковая упаковка (2021 жылы бекітілген термин)
    5. ОМҰ Оптикалық модемнің ұяшығы – ЯОМ Ячейка оптического модема (2007 жылы бекітілген термин)

    Информатика және есептеуіш техника категориясында қолданылатын нұсқасы:
    1. Жадтайтын құрылғы ұяшығы – Ячейка запоминающего устройства
    2. Негізгі аумақ ұяшығы – Ячейка основной области
    3. Тізім ұяшығы – Ячейка списка
    4. Электрондық кесте ұяшығы – Ячейка электронной таблицы
    5. Деректер ұяшығы – Ячейка данных
    6. Фрейм ұяшығы – Ячейка фрейма
    7. Тармақталу ұяшығы – Ячейка ветвления
    8. Таспа ұяшығы – Ячейка ленты
    9. Регистр ұяшығы – Ячейка регистра
    10. Триггер ұяшығы – Ячейка триггера
    11. Жұмыс ұяшығы – Рабочая ячейка
    12. Кескіндер ұяшығы – Ячейка изображений
    13. Жад ұяшығы – Ячейка памяти

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.