Ассалаумағалейкум!
Орыс тіліндегі «авторитет" пен "репутацияны" қазақша "бедел" мен "абырой» етіп ажырату керек деп ойлаймын. Сіздер қалай ойласыздар? Рақмет!
Пікіріңіз орынды. «Репутация» мен «авторитет» сөзі бір-біріне синоним емес. Алайда біраз жерде мағынасы бір термин ретінде бекітілген. Төменде аздап мағынасына қатысты тоқталып өтсек:
Репутация – атақ, абырой. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Толығырақ ...Он бес томдық. 12-том / Құраст. А.Үдербаев, О.Нақысбеков, Ж.Қоңыратбаева және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
Авторитет (lat: avtoritet) Саясаттануда:
1) қандай да бір іс-әрекеттер негізінде ие болған бедел немесе қоғамда ерекше бағаланатын құндылықтарға негізделген билікті жүзеге асыру түрі;
2) күш қолданбай ықпал ету құралы;
3) бағынушылар ерікті түрде заңдылығын мойындаған билікті басқару түрі. Авторитет қоғамның, әлеуметтік топтың, ұжымның, мемлекеттің, қоғамдық саяси ұйымның өз кезегінде жеке тұлғаның немесе топ адамдардың қоғам немесе мемлекет ісіне шынайы, байсалды ықпалын мойындауы. Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. - 616 бет.
Абырой (lat: abyroi) – ар-намыстың тазалығы және адамгершілік, еңбек, шығармашылық т.б. қызмет арқылы көпшілік тарапынан сый-құрметке ие ететін адамның қадір-қасиеті, қоғамдық бейнесі, беделін білдіретін іргелі этикалық категория. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б.
Репутация – бұл қоғам алдындағы адамның тұрақты бейнесі. Ол жеке қасиеттерден, іс-әрекеттен, мінез-құлық мәнерінен, ойлау қабілетінен, өмір салтынан және көпшілікке белгілі әртүрлі жетістіктерден құралады. Психологияда репутация жеке тұлғаны әлеуметтік бағалау немесе стереотиптер жиынтығы деп аталады. https://sidorinlab.ru
Егер адам данышпан, мейірімді, көмек беруге дайын адам ретінде репутацияға (абыройға) ие болса, оның көмегіне үнемі жүгінеді, кеңесіне құлақ асады. Ал егер адам туралы бәдік, сатқын, алаяқ деп айтылса, онда ешкім оған құпиясын білдірмей, онымен шын жүректен сөйлескісі келмейді. https://psychologist.tips/3814-reputatsiya-chto-eto-takoe-s-pozitsii-psihologii-kak-isportit-ispravit-i-sohranit-reputatsiyu-cheloveku.html
Былайша айтқанда, кез келген адам авторитетке (беделге) ие болу үшін еңбегі сіңу керек. Ал репутация (абырой) әр адамда бар.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі.

Керемет!