Обсуждение
Библиография




Қайырлы күн. Аңшы иті – собака охотника. Аңшы иті емес, «охотничья собака» – аңшылық ит, аңшы ит деген дұрыс.
"Аңшылық ит арыстанды көріп қалып, қуалай жөнелді", "Аңшылық ит арыстанды көре Толығырақ ... сала, ізіне түсті" деген сияқты нұсқаны қарастырып көріңіз. «Қуып берді» дегеніңіз өңірлердің бәрінде бірдей қолданыла ма? Барша оқырманға түсінікті бола ма? Оқырман қауым «Қуып нені берді?» деген ойға кетуі де мүмкін. Қуалай жөнелсе, ізіне түссе немесе осыған жуық мәндес сөзбен алмастырса, әлдеқайда түсінікті болар еді.
Арыстан немесе аю болса да күтпеген жерден иттің арсылдап қуып келе жатқанынан, бастапқы кезде үркіп, қаша кетуі табиғатта кездесіп жатады. *Қуалай жөнелгені* иттің арыстаннан басым екенін білдірмейді, кез келген тіршілік иесінде «Өзін-өзі сақтау түйсігі» болады.
Шетелдік туындылардың аудармасын тек белгілі бір филолог мамандар ғана түсінетіндей емес, қарапайым оқырманға қарапайым тілмен жеткізілгені жөн.

қуып берді-, қуалай жөнелді+

Негізі "қуып берді" тіркесінде тұрған ештеңе жоқ. Тұтас мәнмәтінге (мазмұнға) қарау керек. "Иттің тап бергенінен арыстанның қаша жөнелгені" күмән тудырады. Сондықтан "қуалай жөнелді" логикалық қайшылық тудыруы мүмкін. Ал "аңшы иті" Толығырақ ..."аңшылық итке" қарағанда әлдеқайда жатық, дұрыс қолданыс.


Жалпы қосымшаларды жалғау барысында ойланатын мәселелер көп. Қазақ тілі аглютинативті тіл деп қосымшаларды орынды-орынсыз жалғай беру соңғы кездері жиі кездесетін құбылысқа айналды. Біз көбіне сөзді жеке алып, оған қосымша жалғаймыз, Толығырақ ...ал сөздің сөйлем ішіндегі, яғни контекстегі мағынасы ескерілмейді. Менің ойымша "мұқият" сөзіне "-тылық" та," "-тық" та жалғаудың қажеті жоқ. Негізінен ауызекі сөйлеуде "ісіңе мұқият бол" немесе "ол ісіне өте мұқият адам" деп жатады. Ал басқаша нұсқа калька аударманың салдары сияқты. Мұқият сын есімінің ұқыпты, тиянақты сияқты синонимдік қатары бар. Көбіне "ұқыптылық, тиянақтылық" деген нұсқасын қолданғаны жөн. Көркем әдебиетте де бұл сөз ешбір қосымшасыз қолданылып огтырғанын байқаймыз. Мәселен: Мұқаң аударманы теруге жіберер алдында міндетті түрде м ұ қ и я т қарап шығатын (С.Мәуленов, Үркер төбеде тұр). Ол кетер алдында Әбдірахманға Шәкім мен Шәріпке м ұ қ и я т қарай жүруді тапсырды (3.Асабаев, Ар соты).

Ойбой, Есей-ау, біздің лық пен шылыққа толып кетті. Лексикология деген арнайы ғылым бар, ал бізде сол жоқ. Соның кесірінен сөздік қор тарақанға қаптап кетті. Қайсы бірін айтып-жазарсың. Іргелі лексикологиямен айналысатын Толығырақ ...ғалымдар керек. Мен соларды егемен ел болғалы байқамай жүрмін. Енді соның кесірінен жұрттың бәрі лексиколог болып кетті
Сөйлемді "салдарынан" деп басайтын болды ғой журналистер. Сонда "оның айтуынша" деген тіркес "айтуынша", "сөзінше", "бір жағдайдың салдарынан" деген тіркес "салдарынан" болып қолданылып тұр ғой? Мұның себебі калька мен қатар "үнемдеу" құбылысы шығар?
Сөйлемді "салдарынан" деп басайтын болды ғой журналистер. Сонда "оның айтуынша" деген тіркес "айтуынша", "сөзінше", "бір жағдайдың салдарынан" деген тіркес "салдарынан" болып қолданылып тұр ғой? Мұның себебі калька мен қатар "үнемдеу" құбылысы шығар?
Иә, біздің буынның көзімен қарағанда, бұл кәлкі секілді. Бірақ кәлкіге де біржақты қарамайтын дәуір туындап отыр. Себебі, кәзіргі қазақ тілі өз бар дамуы мен алға жылжуын орыс тілімен қабат атқарып Толығырақ ...отыр - мойындау керек. Сондықтан кейбір кәлкіні мойындап, тілдің заңдылығы ретінде бектіетін де уақыт келді. Бұл жағынан лексикология өз міндетін атқару керек, теориясын бекітуі тиіс. Қазырғы жылдам уақыт тілді де сондай үрдіске зорлап икемдеп жатыр. Мысалы, өзінен өзі, өзімді өзім деген тіркестер қайда қалды? Дел-құлы өз-өзімнен, өз-өзіммен, өз-өзімді деген жабайы қос сөзге айналып кетті. Бұған қой дейтін қожа қайда?