Мұқияттылық
«Мұқияттылық" деген сөздің құрамындағы -лы(қ) жалғауы артық. Талдап көрейік: мұқият - сын есім (қандай?). Оған мұқиятты деп сын есім тудырушы жұрнақ қосудың қажеті жоқ. Екеуі де "қандай?" деген сұраққа жауап Толығырақ ...береді. Бұл жерде сын есімнен зат есім тудыру қажеттігі бар. Сондықтан "не?» - мұқияттық болғаны дұрыс.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

Жалпы қосымшаларды жалғау барысында ойланатын мәселелер көп. Қазақ тілі аглютинативті тіл деп қосымшаларды орынды-орынсыз жалғай беру соңғы кездері жиі кездесетін құбылысқа айналды. Біз көбіне сөзді жеке алып, оған қосымша жалғаймыз, Толығырақ ...ал сөздің сөйлем ішіндегі, яғни контекстегі мағынасы ескерілмейді. Менің ойымша "мұқият" сөзіне "-тылық" та," "-тық" та жалғаудың қажеті жоқ. Негізінен ауызекі сөйлеуде "ісіңе мұқият бол" немесе "ол ісіне өте мұқият адам" деп жатады. Ал басқаша нұсқа калька аударманың салдары сияқты. Мұқият сын есімінің ұқыпты, тиянақты сияқты синонимдік қатары бар. Көбіне "ұқыптылық, тиянақтылық" деген нұсқасын қолданғаны жөн. Көркем әдебиетте де бұл сөз ешбір қосымшасыз қолданылып огтырғанын байқаймыз. Мәселен: Мұқаң аударманы теруге жіберер алдында міндетті түрде м ұ қ и я т қарап шығатын (С.Мәуленов, Үркер төбеде тұр). Ол кетер алдында Әбдірахманға Шәкім мен Шәріпке м ұ қ и я т қарай жүруді тапсырды (3.Асабаев, Ар соты).
Ойбой, Есей-ау, біздің лық пен шылыққа толып кетті. Лексикология деген арнайы ғылым бар, ал бізде сол жоқ. Соның кесірінен сөздік қор тарақанға қаптап кетті. Қайсы бірін айтып-жазарсың. Іргелі лексикологиямен айналысатын Толығырақ ...ғалымдар керек. Мен соларды егемен ел болғалы байқамай жүрмін. Енді соның кесірінен жұрттың бәрі лексиколог болып кетті