Обсуждение
Библиография


Қазақ тілі лексикологиясында сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетін болған жағдайда оны басқа сөзбен алмастырады. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Толығырақ ...Мұндай құбылыс эвфемизм деп аталатыны белгілі." Жымқыру" сөзі де эвфемизм сөздердің қатарында, оны ауызекі тілде ғана қолданылады деп айта алмаймыз. "Ұрлау" мен"жымқырудың" мағынасы жақын, синоним сөздер болғанмен, мағыналық айырмашылықтары бары анық. "Жымқыру" да ұрлық болғанмен, мұнда ешкімге байқатпай, білдірмей алу реңкі басым, яғни "хищение" дефинициясын толық ашып тұр деуге болады. Қазір бұл сөз БАҚ-та, қылмыстық істер жайындағы ақпараттарда жиі қолданылып жүр. Сондықтан "жымқыруды" ресми сипаттағы термин ретінде алуға болатынына күмән жоқ деп ойлаймын.

Саламат мырза, өте дұрыс айтылған пікір! Шын мәнінде де, жоғарыда келтіріліген дефинициялардан, байқасаңыз, өте қарапайым ұғымдар аңғарылады. Ал терминнің өзі өзге тілді болған соң, сондай бір күрделі болып көрінеді. Сол Толығырақ ...себепті терминжасам, мүмкіндігінше ұлт тілінде жасалуы қажет.
Терминдердің мағынасын оның шыққан "тегін" зерделеп, қай тілден, қандай жағдайда және неліктен пайда болғандығына жіті түсінбей тұрып бірдеңе деудің өзі дұрыс болмас еді. Осыдан кейін барып оны өзіміздің нақты әлеуметтік-экономикалық Толығырақ ...және қоғамдық-саяси жағдайымызға, менталитетімізге икемдеген жөн.