Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография




Пікіріңіздің қисыны бар. Үшбумақ десе, жағымды естіледі. Бірақ үшбумақтың «бумақ» деген бөлігі жгут сөзінің қазақша баламасы. Бумақ (байланыс) – Жгут (2004 жылы бекітілген термин). Ал бума сөзін негізге алған болсаңыз, Толығырақ ...«Бума» – буылған зат, нәрсе. Мағынасы жағынан да, сыртқы бейнесі жағынан да ұқсастық бар.
Сонымен қатар пікір жазушы азаматтар «үшпұшпақ» деп пікір қалдырған екен. Алайда «Пұшпақ» сөзінің мағынасы мынадай екенін ескерген жөн:
1. Малдың, аңның тізеден төменгі сирақ терісі (Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.).
2. Белгілі бір кеңістіктің, мекеннің, жердің бір шеті, бөлігі, түкпірі
3. Әңгіменің, сөздің шет жағасы, бір ұшы
4. Өне бойы, тұла бойы (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 12-том / Құраст. А.Үдербаев, О.Нақысбеков, Ж.Қоңыратбаева және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.)
5. Пұшпақ жүн – ұяң және қылшық жүнді қойдың тұтас жүнін сорттағанда оның шеттерінен (пұшпақтарынан) жұлып алынған былғаныш (қи - зәрмен, шөп - шаламмен былғанған) жүн. Пұшпақ жүн бөлек жиналып, жуылғаннан кейін қапталады (Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. (ISBN 978-601-7254-21-6).

Учпучмак сөзін үшпұшпақ деп аударса да жақсы ғой. Пұшпақ деген сөз барлығымызға түсінікті, әрі мағынасы да келіп тұр.

Учпучмак сөзін үшпұшпақ деп аударса да жақсы ғой. Пұшпақ деген сөз барлығымызға түсінікті, әрі мағынасы да келіп тұр.
Соңғы сөйлемдегі ойыңызбен келісемін. Естір құлаққа – есті сөз жазған екенсіз. Ал «Таралым» сөзіне келер болсақ, таралым – тираж (2021 жылы бекітілген термин). Таралым – таралу мөлшері. Таралым – баспа-полиграфия Толығырақ ...саласының тапсырыс талаптарына байланысты басып шығаратын әрбір өнімдері атауының дана саны.
Бейнебелгі нұсқасын ұсынар едім, белгі беру сөзі сигнал сөзіне жақын.
Мұнда видеосигнал ұғымының контексте қолданылуына назар аудару керек. Егер, видеосигнал ұғымындағы сигнал — бейне арқылы белгі беру, дабыл қағу мағынасында қолданылса, бейнебелгі ұғымы ұтымды. Ал, видеосигнал ұғымындағы сигнал — Толығырақ ...теледидарда, радиолокацияда, факсимилді байланыста бейнені құру үшін пайдаланылатын ауқымды спектрі бар (әдетте, бірнеше Гц-тен бірнеше МГц-ке дейін) электр сигналы ұғымында қолданылса, бейнесигнал ұғымы ұтымды. Себебі, сигнал сөзі қазақ тілінің лексикасына енген сөз. Ұсыныстағы атау ғылыми термин болғандықтан, бейнесигнал нұсқасын қолдаймын.
Басқа пікірлерді көрсету