A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined index: post_data_count

Filename: controllers/Alan.php

Line Number: 344

Backtrace:

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 344
Function: _error_handler

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 1070
Function: get_post_items

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once

Termincom.kz - Алаң "
Бейнесигнал. Видеосигнал сөзіне қатысты болмақ. Меніңше орысша Видеосигнал дегенді бейнесигнал деп тікелей аудара салмай, қазақ тілінің сөзге бай екендігін ескерсек, онда Бейнетаралым деп ұсынар едім. Бұл жерде барлығы түсінікті, неге Толығырақ ...бұндай, неге олай деген сұрақтар туындамайды. Кейін латын алфавитіне көшкенде «Beinetaralym» болады.Осыған байланысты өз үйімнен мысал келтіре кетейін, үйде інілерімнің оқитын қазіргі физика, химия пәндік кітаптарындағы терминдер түсініксіз. Яғни тікелей орысшадан, не ағылшыншадан аударылған секілді. Кейде осындай олқылықтар да баланың оқуға деген талпынысын төмендетеді. Айтқым келгені не ол термин қазақша баламасы баршаға түсінікті етіп аударылуы, немесе шет тілінен келген күйінде қалдыру.
Шынтасова Гульзат Бурабаевна, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Соңғы сөйлемдегі ойыңызбен келісемін. Естір құлаққа – есті сөз жазған екенсіз. Ал «Таралым» сөзіне келер болсақ, таралым – тираж (2021 жылы бекітілген термин). Таралым – таралу мөлшері. Таралым – баспа-полиграфия Толығырақ ...саласының тапсырыс талаптарына байланысты басып шығаратын әрбір өнімдері атауының дана саны.

  • Бейнебелгі нұсқасын ұсынар едім, белгі беру сөзі сигнал сөзіне жақын.

  • Исенбай Мәдина 1 жыл бұрын

    Мұнда видеосигнал ұғымының контексте қолданылуына назар аудару керек. Егер, видеосигнал ұғымындағы сигнал — бейне арқылы белгі беру, дабыл қағу мағынасында қолданылса, бейнебелгі ұғымы ұтымды. Ал, видеосигнал ұғымындағы сигнал — Толығырақ ...теледидарда, радиолокацияда, факсимилді байланыста бейнені құру үшін пайдаланылатын ауқымды спектрі бар (әдетте, бірнеше Гц-тен бірнеше МГц-ке дейін) электр сигналы ұғымында қолданылса, бейнесигнал ұғымы ұтымды. Себебі, сигнал сөзі қазақ тілінің лексикасына енген сөз. Ұсыныстағы атау ғылыми термин болғандықтан, бейнесигнал нұсқасын қолдаймын.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.