Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

| # | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг |
|---|---|---|---|
| 1. | Медиальный мыщелок | Орта буын |

| # | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг |
|---|---|---|---|
| 1. | Атрофиялы гингивит | қызылиектің солуы |

Сәлеметсіз бе, құрметті Алтынай Бақбаева! Ашық алаңда терминдер бойынша жасаған ұсыныстарыңыз үшін алғыс айтамыз. "Атрофиялы гингивит" термині 2017 бекітілген. Былтырдан бері қазақ тілінің барлық терминдерін біріздендіру мақсатында мониторинг жүргізіліп Толығырақ ...жатыр. Оның нәтижесінде кейбір өзгерістер енгізіліп, кемшіліктер түзетіледі, сол кезде сіздердің ұсыныстарыңыз да ескерілетін болады.

АТРОФИЧЕСКИЙ ГИНГИВИТ -- АТРОФИЯЛЫ ГИНГИВИТ болады, бұл терминдік атау, ал, қызылиектің "солуы", "қызылиектің, көлемі бойынша кішіреуі", "қызылиектің Толығырақ ... семуі", деп атау "түсіндірме" сөздік болып кетеді.

"Атрофиялы гингивит" термині бекітілген болса, оны қайта қараудың қажеті жоқ.

| # | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг |
|---|---|---|---|
| 1. | Онкомаркер | ісік маркері | |
| 2. | Онкомаркер | ісік белгісі |

Онкомаркер

Алтынай, сіздің терминдерді қазақыландыру ниетіңіз қуантады. Алайда сала мамандарының айтары уәждері де болады. Оны да тыңдауымыз керек.

Онкомаркер (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-201/2020 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-221/2020 бұйрығы)

| # | Орысша нұсқасы | Қазақша нұсқасы | Рейтинг |
|---|---|---|---|
| 1. | Бактериологическая культура | Бактериологиялық өсінді |

Ұсынысыңыз орынды деп ойлаймын. Мәдениет деген ұғымның 400-ден астам анықтамасы бар болғанымен, сан алуан ғылым саласындағы терминдердің бөлшегі ретінде әртүрлі мәнге ие, сондықтан "культура" деген сөздің бәрін мәдениет деп Толығырақ ...аудара беруге болмайды. Мысалы, "Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет" саласында аквадақыл ретінде қолданып жүр.

Культура бактериальная Орысша-қазақша-ағылшынша медициналық терминдер сөздігінде "бактериалық өсірінді" деп бекітілген (40 мыңға жуық термин.– Алматы: Дайк-Пресс, 2009. – 800 б./ Авторы Ахметов М., пікір жазған медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Нұрмұхамбетов).

Қайырлы кеш. Бактериологиялық өсіндімен келіспеуге болады. Біріншіден бактериологиялық бактериялық (орыс қосымшаларын алып тастау қажет). Өсінді деген сөз отросток баламасы. Сондықтан бактериялық өсірінді жақын келетін сияқты.
Сәлеметсіз бе, бұл термин *Орысша-қазақша-ағылшынша медициналық терминдер сөздігінде (40 мыңға жуық термин). – Алматы: Дайк-Пресс, 2009. – 800 б./ Авторы Ахметов М., пікір жазған медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Нұрмұхамбетов,) Толығырақ ...«Мыщелок бедренной кости, медиальный – ортанжіліктің медиальдық айдаршығы деп бекітілген.
*Орысша-қазақша-ағылшынша медициналық терминдер сөздік баламалы сөздікке жатады. Сондықтан мұнда термин бекітілмейді, аударылады, ұсынылады.
Сөздік 2009 жылы шығарылған, сөздіктің алғысөзінде былай жазылған: Сөздіктің мазмұны мен нысаны бойынша барлық ұсынысыңыз бен ескертпеңізді Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 49 мекенжайында орналасқан «Астана медицина университеті» АҚ (қазіргі уақытта Толығырақ ...КеАҚ) профилактикалық медицина кафедрасының (қазіргі уақытта профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасы) профессоры М.А. Ахметовке жолдауға болады. Сондықтан сөздіктегі терминдер бекітілген бе, аударылған ба, әлде тек ұсынылғаны жайлы ақпаратты сөздік құрастырушысынан алғаныңыз орынды.