Discussion
Articles

| # | Russian version | Kazakh version | Rating |
|---|---|---|---|
| 1. | Доброе утро | Қайырлы таң | |
| 2. | Доброе утро | Таң жарық |

| # | Russian version | Kazakh version | Rating |
|---|---|---|---|
| 1. | Станция технического обслуживания | Техникалық қызмет көрсету орталығы | |
| 2. | Станция технического обслуживания | Сынған техника орталығы |

Тілдің ықшамдылығы, қолданыс аясын кеңейту мақсатында айтылған пікір дұрыс-ақ! Бірақ "Сынған техника орталығы" атауы "Техникалық қызмет көрсету орталығының" дефинициясын толық аша алмайды. ТҚКО сынған техниканы жөндеумен ғана айналыспайтындықтан, ұсынылған атау Толығырақ ...орталықтың қызмет түріне шектеу қояды.

Термин шұбалыңқы болса, оның қолданыс аясы тарылады. Сол себепті "сынған техника орталығы" деп берген дұрыс. Көп сөзді азайту керек.

"Сынған техника орталығы" атауы "Техникалық қызмет көрсету орталығының" қызмет түрін шектейді. Сондықтан ауыстыру дұрыс болмайды деп есептеймін.

| # | Russian version | Kazakh version | Rating |
|---|---|---|---|
| 1. | Выход | Шығу | |
| 2. | Выход | EXIT-ESIK |

"Шығу" нұсқасы дұрыс.

| # | Russian version | Kazakh version | Rating |
|---|---|---|---|
| 1. | Прямой эфир | Тікелей эфир | |
| 2. | Прямой эфир | LIVE - ТІКЕ |

Қысқа да нұсқа екен деп, орыс тілімен шұбарланған тілімізге енді ағылшын тілін араластырып, "сән" қумақпыз ба?! Бұл тіл жанашырының айтатын ұсынысы емес деп ойлаймын.

Қысқа да нұсқа екен деп, орыс тілімен шұбарланған тілімізге енді ағылшын тілін араластырып, "сән" қумақпыз ба?! Меніңше, бұл тіл жанашырының айтатын ұсынысы емес. Онан да "тікелей эфир" болып қала бергені дұрыс.

Тікелей эфир тілімізге сіңіп кеткен. Оның санадан қайта өшірудің не қажеті бар?
Қайырлы таң дұрыс ау
Қайырлы таң деген нұсқа дұрыс. Бұл қалыптасып кеткен және қолданылып жүрген нұсқасы.