Attention! To leave a message, please sign in.
неположительный

оң еместік

Қаншалықты келісесіз? Математика саласындағы барлық теріс сан мен нөл саны екен. Бұл жерде "еместік" деген сөзді қазақ тілінің сөздік қорында тек еместігі деп қолданатынын ескерсек, мәселен,Сол нағашымның жел Толығырақ ...қуық байталша сыланған қағылез қаншығы бар деп естіп, осал ит еместігіне іштей күмəнсіз құмарлықпен түйініп жүретінмін (А. Сейдімбеков, Ақиық, 74) немесе Көңілі толмаушылық. Ақтоқты өкпесін айтып, разы еместігін білдіреді. Ақан қалай да Ақтоқтыны алмақ болады (М.Жұмабаев, Шығ.), еместік деп қолдану дұрыс емес сияқты. Бұл тұста, мүмкін, оң емес сандар деп қарастыру жөн шығар.
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Исенбай Мәдина 2 жыл бұрын

    оң ұғымына антоним - теріс

  • Оң емес сандар (Неположительные числа) – барлық теріс сан мен нөл саны.

    Теріс емес сандар (Неотрицательные числа) – оң сандар және нөл. Дереккөз: Виленкин Н.Я. и др. Математика. 6 класс: учебник Толығырақ ...для общеобразовательных учреждений.

    Математика категориясында «оң емес сан - число неположительное, оң емес квадраттық форма - квадратичная форма неположительная» деген сияқты нұсқада ұсынылыпты.

    «Математика» білім беру саласының мамандарымен ақылдасу керек.

  • Abdikarim 2 жыл бұрын

    Бұл терминді қайдан алдыңыз әрі қай салада, қандай контекстіде қолданылады? Сол жайында толықтырып жазсаңыз дұрыс болар еді.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Бумеранг сөзінің қазақ тілінде аудармасы жоқ,
1.Бумеранг – орақ бітімдес, лақтыратын, мүлт кеткен жағдайда өзіңе оралып келетін қару.
Этимология: ағыл. boomerang - “қисық таяқша түріндегі лақтыратын қару”.
2. Әзербайжан: bumeranq
3. Қырғыз: бумеранг
4. Өзбек: Толығырақ ...bumerang
5. Түрік: bumerang
6. Ағылшын: boomerang
7. Испан: bumerán
8. Неміс: bumerang
9. Француз: boomerang
10. Бекітілген нұсқасы: бумеранг - бумеранг (2019).
11. Заңнамадағы қолданысы: бумеранг – бумеранг.
12. Ұсыныстар: орыс тілінен енген бумеранг сөзі қазақ тіліне аударылмай, бумеранг деп 2019 жылы бекітілді. Заңнамада да бұл сөз аударылмай қолданылып жүр. Бекітілген терминдер сөздігіндегі нұсқасын, заңнамадағы, терминологиялық сөздіктердегі қолданысын және осы термин анықтамасын негізге алсақ, бумеранг сөзінің сәтті қазақша баламасы табылғанша бумеранг деп қолданылғанын дұрыс деп ойлаймыз.

Осыған қатысты бұл сөзге« қайтасоғар» деген қазақша балама берер едім.
ҚАЙТА — үст. 1. Қайтадан, тағы да, қайыра. соғу - соқ, кел етістігі.
Усенов Нурлан, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Исенбай Мәдина 2 жыл бұрын

    Бумеранг ұғымы қазақ тілінде кездеспегені қазақ тілінде бұл ұғым жоқ деген сөз емес. Бізде "атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер", "біреуге ор қазба, өзің түсесің" секілді аталы сөздер бар. Бумеранг Толығырақ ...ұғымына қазақша балама іздеген уақытта, осы ұғымдарды да есте ұстауымыз жөн болар.

  • Бұл жерде өмірдегі бумеранг заңы жайлы емес, «бумеранг» деп аталатын қару, құрал туралы айтылған. Бумеранг құралының қазақша атауын «Қайтасоғар» деп бекіту туралы ұсынысыңызды қолдаймын.

    Бумеранг (lat: Býmerań) – ағаштан әдейі иіліп Толығырақ ...жасалған аңшылық қару. Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары. Оқу құралы / Жанәділ О. – Алматы: «Дәуір-Кітап» баспасы, 2014. - 86 б.

    Бумеранг (lat: býmerań) – лақтыруға арналған ағаш гүрзінің бір түрі. Ежелгі Мысырда, Оңтүстік Үндістанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда соғыс және аңшылық құралы ретінде пайдаланылған. Қоғамда бумеранг лақтырғанда қайтып оралатын құрал ретінде кеңінен тараған. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.