Ақпараттар ғасырында Масс медиа және телекоммуникация саласының байланыс аясы күн өткен сайын кеңейіп келеді. Сонымен қатар, сандық телевизияның өмірімізге дендеп енуі де оның қолданыс мүмкіндігін арттыруда. Сондықтан тұңғыш рет даярланып отырған анықтамалық сөздікте отандық БАҚ саласында әрі әлемдік ақпарат кеңістігінде күнделікті қатынаста қолданылатын сөздер, терминдер және оларға анықтамалар толық қамтылған.
Анықтамалық сөздік журналистерге, масс медиа, телекоммуникация, радиоэлектроника, жарнама саласының мамандарына, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттеріне, магистранттарға және көпшілік оқырманға арналған.