Бұл ғылыми жинаққа Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ә.Т. Қайдардың әр түрлі халықаралық, бұрынғы одақтық, республикалық құрылтайлар мен конференцияларда әр кезде жасалған баяндамалары мен ғылыми журналдарда жарияланған және жаңадан жазылған мақалалары енді. Олар – қазақ тіл білімінің этнолингвистика, лексикология, ономастика, терминология, фразеология, этимология салаларына жататын теориялық және практикалық мәні зор мәселелеріне бағышталған зерттеулер.
Кітап түрколог –ғалымдарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, филолог –аспиранттарға, мұғалімдерге және түркі тілдерінің табиғатына қызығушы жалпы оқырман қауымға арналған.