"
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауына Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлының ұсынған терминдер
#Қазақша нұсқасыОрысша нұсқасыРейтинг
1.Жолшам (жол+шам – жолды жарық етуші шам)Фара (автомобиль)
2.Тоққайнар (тоқ+қайнар)Аккумулятор
3.Толқынтор (толқын+тор - толқын ұстаушы мағынасында)Антенна
4.Желөтпе (жел+өтпе - құбылыс)Сквозняк
5.Бұрылыс бағдары (бұрылуға белгі беру)Поворотник (автомобиль)
6.Түртпе (маңызды ақпаратты түртіп алуға арналған қағаз)Заметка
7.Малтыма (шомылуға арналған бассейн)Бассейн (для плавания)
8.Сарқұман (сар+құман - суы сарылдап сарқылмай ағатын құман)Раковина
9.Жолбағдар (жол+бағдар - жолда бағдар алуға арналған құрал)Навигатор
10.Кеңістіктік айқындық (1 пиксельдің бейнелей алатын аумағы)Пространственное разрешение (картография)
Жансая Торебаева, Мадина Шагирова, Жанар Байділдә және 15
  • Gulnur Kairovna 4 жыл бұрын

    Антенна - толқынтор ұнады

  • Ai-kerim Qojahmet 4 жыл бұрын

    Шахислам мырзаның терминдері қазақтың тілімен әбден жаттыққан сәтті баламалармен беріліпті. Өте ұнады. Қазақы термин деген атауға лайықты.

  • Бақытгүл Ысқақова 4 жыл бұрын

    толқынтор, желөтпе, малтыма нағыз қазақы терминдер

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.