Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Тіл заңына келмейтін жат сөздер көбейіп кетсе, тіл бұзылады, тілдің негізгі қасиеттері, тұрлаулы заңдары бұзылады.
Елдес Омарұлы.
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Қарлығаш Қабай, МУНИРА ШАЙХСЛАМОВНА АГЫМБАЕВА және 2
  • Жат сөздерді көбейтпеу - әрқайсымызға байланысты. Әр сала маманы өз жұмысында барынша қазақ тілінде қызмет етсе, шеттен келген сөздер ана тілімізге қандай да бір әсерін тигізуі екіталай.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Жиі сынға ұшыраған тағы бір бірлік бейне (видео). Латынның video - «қарау, көру" деген сөзі. Терминдік анықтамасы "теледидар қағидаттарына негізделген жылжымалы кескінді қалыптастырудың, жазудың, өңдеудің, берудің, сақтаудың және ойнатудың Толығырақ ...электрондық технологиясы, сондай-ақ физикалық тасымалдағышта (бейне таспа, бейне диск және т.б.) жазылған аудиовизуалды жұмыс».
Біріншіден, бұл термин (бейне) қазақ тіліне сіңісті болып кетті;
Екіншіден, о бастағы этимологиясынан да берілген анықтамасынан да қазақтың бейне сөзі бере алмастай ауыр жүк көріп тұрған жоқпыз.
Сіз қай нұсқаны қолдар едіңіз?
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Abdikarim
  • Abdikarim 3 жыл бұрын

    "Бейне" сөзімен тіркескен нұсқасын қолдар едім. Кез келген тілде көпмағыналы сөздер, омонимдер бар, соны ескермегендіктен, осындай сындар айтылатын шығар.

  • Видеоның бейне баламасы халық арасында сіңіп кеткелі қашан. бірақ мамандар бұл мағынасын толық ашпайды деп пікір айтады. Халық арасына сіңісті сөздер қабылданғаны дұрыс.

  • Бейнетаспа, бейне диск, бейнеролик, бейнетабақ, бейнетелефон, бейнежазба,бейнебақылау,бейнеқатар, бейнебейімдеуіш,бейнеақпарат

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Өткен терминологиялық комиссия отырысында «процент" термині сөз болған еді. Оның қазақ тіліне сіңісті болып кеткен нұсқасы - "пайыз". Дейтұрғанмен қазақ тіліндегі нұсқасына қарсы болғандар бар. Процент сөзі латынның per centum Толығырақ ...- "жүзге; жүзден" деген мағына береді екен. Негізгі терминдік деффинициясы "жүзден бір бөлігі; " % " белгісімен белгіленеді; бүтінге қатысты бір нәрсенің үлесін көрсету үшін қолданылады». Қарсы жақтың айтар уәжі - пайыз беретін мағынасын толық ашпайды дейді. Егер де пайыз сөзіне жоғарыда келтірілген ұғымды толықтай теліп қойсақ, біздіңше, аталмыш терминнің қазақ тіліндегі баламасы болуға құқы бар деп ойлаймыз.
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Abdikarim, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков және 2
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.