Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.

Эксперты

Бейнесигнал. Видеосигнал сөзіне қатысты болмақ. Меніңше орысша Видеосигнал дегенді бейнесигнал деп тікелей аудара салмай, қазақ тілінің сөзге бай екендігін ескерсек, онда Бейнетаралым деп ұсынар едім. Бұл жерде барлығы түсінікті, неге Толығырақ ...бұндай, неге олай деген сұрақтар туындамайды. Кейін латын алфавитіне көшкенде «Beinetaralym» болады.Осыған байланысты өз үйімнен мысал келтіре кетейін, үйде інілерімнің оқитын қазіргі физика, химия пәндік кітаптарындағы терминдер түсініксіз. Яғни тікелей орысшадан, не ағылшыншадан аударылған секілді. Кейде осындай олқылықтар да баланың оқуға деген талпынысын төмендетеді. Айтқым келгені не ол термин қазақша баламасы баршаға түсінікті етіп аударылуы, немесе шет тілінен келген күйінде қалдыру.
Шынтасова Гульзат Бурабаевна, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Соңғы сөйлемдегі ойыңызбен келісемін. Естір құлаққа – есті сөз жазған екенсіз. Ал «Таралым» сөзіне келер болсақ, таралым – тираж (2021 жылы бекітілген термин). Таралым – таралу мөлшері. Таралым – баспа-полиграфия Толығырақ ...саласының тапсырыс талаптарына байланысты басып шығаратын әрбір өнімдері атауының дана саны.

  • Бейнебелгі нұсқасын ұсынар едім, белгі беру сөзі сигнал сөзіне жақын.

  • Исенбай Мәдина 2 жыл бұрын

    Мұнда видеосигнал ұғымының контексте қолданылуына назар аудару керек. Егер, видеосигнал ұғымындағы сигнал — бейне арқылы белгі беру, дабыл қағу мағынасында қолданылса, бейнебелгі ұғымы ұтымды. Ал, видеосигнал ұғымындағы сигнал — Толығырақ ...теледидарда, радиолокацияда, факсимилді байланыста бейнені құру үшін пайдаланылатын ауқымды спектрі бар (әдетте, бірнеше Гц-тен бірнеше МГц-ке дейін) электр сигналы ұғымында қолданылса, бейнесигнал ұғымы ұтымды. Себебі, сигнал сөзі қазақ тілінің лексикасына енген сөз. Ұсыныстағы атау ғылыми термин болғандықтан, бейнесигнал нұсқасын қолдаймын.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Banan-jemıs türı. Osy küiınde özgertusız qalğany dūrys. Keibır äleumettık эксперименттерге qarasaq qazaqşa balamasyn «Sary qisyq»-деп audarğan. Menıñşe būl dūrys emes. Jabaiy, qūlaqqa tūrpaiy estıletın audarma. Sol sebeptı aitaiyn degendegı tüpkı Толығырақ ...oiym keibır sözder eş qospasyz jalpyğa ortaq tüsınıkte qaluy kerek. Rahmet.
Каналина Гаухар Мурзабаевна, Илмира, Ерғазина Марал Жүнісбекқызы және 1
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қоғамдық тамақтандыру саласы бойынша. «Эчпочмак" дәстүрлі татар, башқұрт тағамының қазақша атауын-"Үшбумақ» десек түсінікті болушы еді. Тағамның сыртқы бейнесі арқылы ұйғарылды.
Аяулым Аяжан, Қалиакбар Үсемхан, Шынтасова Гульзат Бурабаевна және 1
  • Пікіріңіздің қисыны бар. Үшбумақ десе, жағымды естіледі. Бірақ үшбумақтың «бумақ» деген бөлігі жгут сөзінің қазақша баламасы. Бумақ (байланыс) – Жгут (2004 жылы бекітілген термин). Ал бума сөзін негізге алған болсаңыз, Толығырақ ...«Бума» – буылған зат, нәрсе. Мағынасы жағынан да, сыртқы бейнесі жағынан да ұқсастық бар.

    Сонымен қатар пікір жазушы азаматтар «үшпұшпақ» деп пікір қалдырған екен. Алайда «Пұшпақ» сөзінің мағынасы мынадай екенін ескерген жөн:
    1. Малдың, аңның тізеден төменгі сирақ терісі (Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.).
    2. Белгілі бір кеңістіктің, мекеннің, жердің бір шеті, бөлігі, түкпірі
    3. Әңгіменің, сөздің шет жағасы, бір ұшы
    4. Өне бойы, тұла бойы (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 12-том / Құраст. А.Үдербаев, О.Нақысбеков, Ж.Қоңыратбаева және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.)
    5. Пұшпақ жүн – ұяң және қылшық жүнді қойдың тұтас жүнін сорттағанда оның шеттерінен (пұшпақтарынан) жұлып алынған былғаныш (қи - зәрмен, шөп - шаламмен былғанған) жүн. Пұшпақ жүн бөлек жиналып, жуылғаннан кейін қапталады (Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. (ISBN 978-601-7254-21-6).

  • Учпучмак сөзін үшпұшпақ деп аударса да жақсы ғой. Пұшпақ деген сөз барлығымызға түсінікті, әрі мағынасы да келіп тұр.

  • Учпучмак сөзін үшпұшпақ деп аударса да жақсы ғой. Пұшпақ деген сөз барлығымызға түсінікті, әрі мағынасы да келіп тұр.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.