Орыс тіліндегі «Помещение" сөзінің қазақша аудармасы туралы
"Помещение" сөзін мен дәріс оқығанда және оқу құралдарында қазақша "ішкіжай" деп аударамын. Ол орыс тіліндегі сыртқы ортадан қоршау конструкциялары арқылы шектелген кеңістік мағынасын дәлірек Толығырақ ...береді ғой. Сондықтан қазіргі бөлме, орын, имарат, үй-жай, орынжай т.б. әртүрлі аудармалардың орнына тікелей өзгертпей қолдануға болады және мен өзім 15-20 жылдай бойы қолданып жүрмін.
Ал етістік ретіндегі "помещение" сөзінің "орналастыру» деп аударылатындығы белгілі. Ол бойынша мәселе жоқ қой.
Обсуждение
Библиография

Құрметті Суиндиков Есенкелды Толеукулович! Терминдерді талқылауға арналған «Алаңға» қош келдіңіз! «Помещение» сөзінің термин ретінде тіркелген 52 нұсқасын осы «Алаңнан» көруіңізге болады. Бірақ оның мына нұсқалары бекітілген терминдер болып саналады: «оқшауланған Толығырақ ...орынжай», «желдетілетін орынжай», «тұрғын емес орынжай», «тұрғын үй-жай» ( 2016 жылы); «тұрғын емес үй-жай (нотариалдық қызметте)» (2013ж.); «тұрғын емес үй-жай» 2012-2015 жж.; «кітапхана үйі» (1971-1981жж.). Сонымен қатар Терминком.кз сайтында тіркелген, бірақ ресми бекітілмеген («помещение» сөзіне байланысты)нұсқаларының қай салада қолданылатындығы да көрестілген. Бұларды болашақта ресми бекітуге ұсынылуы мүмкін терминдер деуге болады. Сондықтан сіз бұл терминді нақты қай салада және қандай ұғымдарды білдіру үшін (мәнмәтінге байланысты) қолданатындығыңызды анықтап жазып жіберіңіз.
Сіздің пікіріңіз ескерілетін болады.
Ұлттық термин қалыптастыруға деген қызығушылығыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Ішкіжай деген сөздің естілуі және мағынасы жағынан басқа түсінікті білдіреді дей аламыз. Мысалға айтсақ, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин Ұлт мәселесі туралы баяндамасында былай деп жазған: Ұлт мәселесін Толығырақ ... шешуде 2 мағына бар. Ол екі мағынаның біреуі - біздің партияны сырттан бақылаушы жер-дүниедегі барлық халықтар үшін керек. Біреуі өзіміздің ішкі жайымыз үшін керек. Бұл жерде "ішкі жайымыз үшін" деген сөзінен елдің ішіндегі хал, жағдай, күй, ахуал, тұрмысты меңзеп тұрғанын байқаймыз.
Иә, бұл сөздің С. Сейфуллин шығармасындағыдай қолданылуы болғанымен, Есенкелді Толеукулович ұсынып отырған термин бірге жазылған, оны термин жасаудың бір тәсілі деуге болады.
Басқа пікірлерді көрсету