Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография



Бумеранг ұғымы қазақ тілінде кездеспегені қазақ тілінде бұл ұғым жоқ деген сөз емес. Бізде "атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер", "біреуге ор қазба, өзің түсесің" секілді аталы сөздер бар. Бумеранг Толығырақ ...ұғымына қазақша балама іздеген уақытта, осы ұғымдарды да есте ұстауымыз жөн болар.

Бұл жерде өмірдегі бумеранг заңы жайлы емес, «бумеранг» деп аталатын қару, құрал туралы айтылған. Бумеранг құралының қазақша атауын «Қайтасоғар» деп бекіту туралы ұсынысыңызды қолдаймын.
Бумеранг (lat: Býmerań) – ағаштан әдейі иіліп Толығырақ ...жасалған аңшылық қару. Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары. Оқу құралы / Жанәділ О. – Алматы: «Дәуір-Кітап» баспасы, 2014. - 86 б.
Бумеранг (lat: býmerań) – лақтыруға арналған ағаш гүрзінің бір түрі. Ежелгі Мысырда, Оңтүстік Үндістанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда соғыс және аңшылық құралы ретінде пайдаланылған. Қоғамда бумеранг лақтырғанда қайтып оралатын құрал ретінде кеңінен тараған. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
оң ұғымына антоним - теріс
Оң емес сандар (Неположительные числа) – барлық теріс сан мен нөл саны.
Теріс емес сандар (Неотрицательные числа) – оң сандар және нөл. Дереккөз: Виленкин Н.Я. и др. Математика. 6 класс: учебник Толығырақ ...для общеобразовательных учреждений.
Математика категориясында «оң емес сан - число неположительное, оң емес квадраттық форма - квадратичная форма неположительная» деген сияқты нұсқада ұсынылыпты.
«Математика» білім беру саласының мамандарымен ақылдасу керек.
Бұл терминді қайдан алдыңыз әрі қай салада, қандай контекстіде қолданылады? Сол жайында толықтырып жазсаңыз дұрыс болар еді.