Шыны керек, өзімді Қазақтың елінде жүргендей сезінбеймін. Қандай болмасын ғимаратқа барсаң, орыс тілі осқырынып күтіп тұрады. Өз тіліміз өгей бала сынды шет-жағасында әйтеуір бір көрініп қалады. Әсіресе, асхана, дәмхана, мейрамханаларда Толығырақ ...тамақтардың атауы орысша. Тіпті өзіміз де соған үйреніп кеткенбіз. Бүгінде өзім де әкімшілермен ұрсысамын деп шаршадым. Сондағы айтатын жауаптары: "Тағамдардың атын дұрыстап қазақшалап беріңіз" ,-дейді. Басқа амал жоқ. Бәріміз бірігіп, осы атаулардың күнделікті қолданысқа енуіне атсалысайық. Т.б. атауларға байланысты ұсыныс болса, тіпті жақсы болар еді...
,,,,,,,,,,,,,,,,
Discussion
Articles
Тамаша
Күлше деп кезінде күлге көмген нанды айтатын. Бала кезімізде пештің үстіне етке салатын жұп-жұқа жайма нанды тастап, екі жағынын күйдіріп жейтінбіз. Сол нанды күлше деп атайтынбыз. Мөлдір ханым күлше сөзін Толығырақ ...бал сөзімен тіркестіріп әдемі атау ойлап тауыпты. Шындығында да балмұздақ, балкүлше дастарханымызды ғана емес, тілімізді де көркейтсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Балкүлше термині қытайдағы қазақ диаспорасының тілінен енген. Өте сәтті балама!!!