Оқу құралында қолданбалы терминология мәселелері әр қырынан
қарастырылады. Терминологияны нормалау, терминологиялық норма ұғымдары
және терминологиялық норманың өлшемдері, терминологияны реттеу теориясының
метатілі, терминжасамдағы терминшінің рөлі айқындалады. Қолданбалы
терминологияның іс-әрекет бағыттары, терминтану мектептері туралы мәліметтер
беріледі. Сондай-ақ, оқу құралында практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік
жұмыс тапсырмалары, емтихан сұрақтары мен тест тапсырмалары қамтылған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының студенттеріне арналады.