Астанада терминография мәселелеріне арналған конференция өтеді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Терминография: теория, практика және даму Толығырақ ...бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады.
Конференцияның мақсаты – терминографиялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік аспектілерін талқылау, терминологиялық деректер қорын цифрландыру тетіктерін жетілдіру және ұлттық терминқорды дамыту жолдарын айқындау.
Іс-шарада терминология, терминографияның өзекті мәселелерімен айналысып жүрген жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас терминолог-ғалымдар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері баяндама жасайды.
Конференция қорытындысында Қарар қабылдау жоспарлануда.
Басталуы: 2025 жылғы 14 қараша, сағ. 10.00.
Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран көшесі, 7а.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография
Тұлға & Терминология
Мектеп терминологиясы
Мониторинг

