Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 3-отырысында бекітілетін кейбір терминдерге шолу
«Ветромер, анемометр» термині
Алаңда қазақ тілінде «желөлшеуіш» деген терминнің орыс тілінде «ветромер» және «анемометр» деген екі баламасы ұсынылған. Толығырақ ... Бұл ретте «анемометр» терминін Республикалық терминология комиссиясы 2019 жылы осы нұсқасында мақұлдаған. Сонымен бірге этимологиясы грекше «ánemos» – жел және «metréo» – өлшеу болатын анемометрмен түбірлес кейбір сөздердің, мәселен 2018 жылы «анемометрия» – «анемометрия», «анеморумбограф» – «анеморумбограф», «анемограф» – «анемограф», 2019 жылы «термоанемометр» – «термоанемометр» деп бекітілгенін де атап өткен орынды.
Анемометр – желдің жылдамдығын өлшеуге арналған құрал [Ветромер // Толковый словарь русского языка: В 4 т / Под ред. Д. Н. Ушакова. – М.: Гос. ин-т «Сов. энциклопедия»; ОГИЗ, 1935. – Т. 1.]. Ал «ветромер» терминінің мынадай синонимдері бар:
- анемометр;
- баросанем;
- радиоветромер [Словарь синонимов ASIS. В.Н. Тришин. 2013.].
Егер «анемометр» термині «желөлшеуіш» деп мақұлданса, онда «термоанемометр» терминінің де, «радиоветромер» терминінің де аудармасында «желөлшеуіш» деген бір термин алынатын болады. Сонымен қатар «анемометрия» терминінің айналасында үлкен мәселе туындауы әбден мүмкін. Бұған қоса осы терминмен байланысты «анеморумбограф», «анемограф» терминдерін де қайта бекітуге тура келеді.
Тұжырымдай келе, «анемометр» термині 2019 жылы осы нұсқасында бекітілгенін ескеріп, күн тәртібінен алып тастап, «желөлшеуіш» – «ветромер» деп бекіту ұсынылады.
«Анемометр» терминін 2019 жылы бекітілген нұсқасында қалдыруды қолдаймын.
«Желөлшеуіш – ветромер» деп ауа ағынын өлшеуге арналған құралдардың жалпы атауы ретінде қолдануға болады. Мысалы, желөлшеуіш құралдар мен кестелерге мыналар жатады: флюгер, анемометр, Толығырақ ...жел өрнегі, Бофорт шкаласы.
Флюгер – желдің бағытын анықтауға арналған құрал.
Анемометр – желдің нақты жылдамдығын өлшеу үшін қолданылады.
Жел өрнегі (Роза ветров) – белгілі бір мерзім ішінде желдің басым бағыттарын талдауға арналған арнайы сызба.
Бофорт шкаласы – желдің күшін бағалайды. Мұнда желдің жылдамдығы мен оның жердегі нысандарға әсері көрсетіледі.
«Анемометр» терминін 2019 жылы бекітілген нұсқасында қалдыруды қолдаймын.
«Желөлшеуіш – ветромер» деп ауа ағынын өлшеуге арналған құралдардың жалпы атауы ретінде қолдануға болады.