"
Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып жатқаны белгілі. Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруды көздесек, әр сала терминдеріне қазақша балама тауып қана қоймай, сол сала қызметкерлері мен жалпақ жұртқа ұғынықты, Толығырақ ...терминнің мәнін анық ашатын атау ұсынғанымыз абзал. Сондай-ақ, бірнеше нұсқалылық деген мәселеден де арылуымыз қажет. Бір термин, бір балама нұсқасы болуы шар. Мәселен, медицинадағы симптом сөзін алайық. Медициналық жетекші кітаптарды ашып қарасақ, әйгілінім деп аударылғанын көреміз. Дұрысы, «ауру белгісі" болуы қажет деп ойлаймын. Себебі, "сыртқы белгі» десек, ал сөздіктерде солай берілген, аурудың ішкі белгісі де болатыны ескерілмей қалады.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.симптомауру белгісі
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Осы терминнің қазақша атауы «симптом» деп бекітілген екен. Бекітілген қазақша атауы мен медицина категориясындағы нұсқасына сәйкес «Симптом» деп қалдырған жөн. Элиминациялаушы симптом – элиминирующий симптом (2022 жылы бекітілген термин), психикалық Толығырақ ...симптомдар – психические симптомы (2022 жылы бекітілген термин).

    Симптом (lat: simptom, грек. symptōma) з а т. м е д. Аурудың не бір құбылыстық сыртқы белгісі, нышаны. Азия обасының с и м п т о м ы ертедегі санскриттік кітаптарда өте айқын жазылған (Жұқпалы. ауру). – Көрдіңіз ғой, неврологиялық орталықта да, шеткері нервте де нормадан ауытқыған с и м п т о м жоқ (Е.Оразақов, Дәрігер.). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.

    Симптом (lat: Sımptom) – Аурудың белгісі. Орысша-қазақша ветеринарлық сөздік / Джанабеков К., Джанабекова Г.К. – Алматы, «Сөздік-Словарь», 2013, - 288 бет.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.