Қайырлы күн!
Эзоптың мысалдарын аударғанымда, оқырмандар «қуып берді" деген тіркеске дау айтып жатыр. "Ит пен түлкі" мысалының алғашқы жолын "Аңшы иті арыстанды көріп қалып, қуып берді" деп аударған едім. Жергілікті сөз Толығырақ ...деушілер баршылық. Бұған қалай қарайсыздар? "Охотничья собака увидела льва и бросилась за ним» дегеннің аудармасы.
Обсуждение
Библиография

Қайырлы күн. Аңшы иті – собака охотника. Аңшы иті емес, «охотничья собака» – аңшылық ит, аңшы ит деген дұрыс.
"Аңшылық ит арыстанды көріп қалып, қуалай жөнелді", "Аңшылық ит арыстанды көре Толығырақ ... сала, ізіне түсті" деген сияқты нұсқаны қарастырып көріңіз. «Қуып берді» дегеніңіз өңірлердің бәрінде бірдей қолданыла ма? Барша оқырманға түсінікті бола ма? Оқырман қауым «Қуып нені берді?» деген ойға кетуі де мүмкін. Қуалай жөнелсе, ізіне түссе немесе осыған жуық мәндес сөзбен алмастырса, әлдеқайда түсінікті болар еді.
Арыстан немесе аю болса да күтпеген жерден иттің арсылдап қуып келе жатқанынан, бастапқы кезде үркіп, қаша кетуі табиғатта кездесіп жатады. *Қуалай жөнелгені* иттің арыстаннан басым екенін білдірмейді, кез келген тіршілік иесінде «Өзін-өзі сақтау түйсігі» болады.
Шетелдік туындылардың аудармасын тек белгілі бір филолог мамандар ғана түсінетіндей емес, қарапайым оқырманға қарапайым тілмен жеткізілгені жөн.
қуып берді-, қуалай жөнелді+
Негізі "қуып берді" тіркесінде тұрған ештеңе жоқ. Тұтас мәнмәтінге (мазмұнға) қарау керек. "Иттің тап бергенінен арыстанның қаша жөнелгені" күмән тудырады. Сондықтан "қуалай жөнелді" логикалық қайшылық тудыруы мүмкін. Ал "аңшы иті" Толығырақ ..."аңшылық итке" қарағанда әлдеқайда жатық, дұрыс қолданыс.
Басқа пікірлерді көрсету