Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! Республикалық терминология комиссиясының (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 2025 жылғы 5-отырысында бекітілетін терминдері

САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 Археология 54 1-54
2 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған терминдер 59 55-113
3 ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынған терминдер 21 114-134
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.атипичный скребокатипті қырғыш, қалыпсыз қырғыш, қалыптан тыс қырғыш
атипичный скребок
атипті қырғыш, қалыпсыз қырғыш, қалыптан тыс қырғыш
Археологияатипті (гр. а+typos) - "жоққа шығару, терістеу" + "бейне, үлгі".
Дефинициясы1. Атипті қырғыш, қалыпсыз қырғыш, қалыптан тыс қырғыш – әдеттегі қырғыштардан өзгеше, кез келген түріне ұқсамайтын археологиялық нысан. Шеткі жартастың сынығындай 52+22 мм өлшемді құрал.
2. Этимологиясы: атипті (гр. а+typos) - "жоққа шығару, терістеу" + "бейне, үлгі".
3. Өзбек: atipik qirg'ich
4. Түрік: atipik kazıyıcı
5. Ағылшын: an atypical scraper
6. Неміс: atypischer Schaber
7. Бекітілген нұсқасы: атиптік тергеу жағдайы (2016), қырғыш (2021)
8. Қолдану саласы: Тарих, Іс жүргізу және мұрағат ісі
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығы. ... атиптік гемолитикалық-уремиялық синдром ...
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығы... Беттерді тазалау үшін металл шпательдерді, қырғыштарды, щеткаларды қолдану ...
10. Ұсыныстар: "атипті" термині медицина саласында жиі қолданыста. Заңнамалық құжатта да аталған салада қолданысын көрсетіп тұр. Дефинициясына қарай отырып, "қалыпсыз қырғыш" терминін бекіту ұсынылады. Мамандардың пікірі керек.
Рейтинг
+3
2.бифас с дисковидной пяткойдиск тәрізді шүйделі бифас, табаны диск тәрізді бифас, дөңгелек табанды бифас
бифас с дисковидной пяткой
диск тәрізді шүйделі бифас, табаны диск тәрізді бифас, дөңгелек табанды бифас
Археологиядиск (гр. δίσκος (дискос) – «дөңгелек табақ»; бифас (фр. biface) – "екі жақты".
Дефинициясы1. Диск тәрізді шүйделі бифас, табаны диск тәрізді бифас, дөңгелек табанды бифас – төменгі палеолит дәуіріндегі археологиялық ескерткіш (ашель). Бұл – Үндістанда, Құддап орнында табылған ұзындығы 4,5 см құрал.
2. Этимологиясы: диск (гр. δίσκος (дискос) – «дөңгелек табақ»; бифас (фр. biface) – "екі жақты".
3. Өзбек: disk shaklidagi tovonli bifas?
4. Түрік: disk şeklindeki topuk ile çift yüz
5. Ағылшын: biface with a disc-shaped heel
6. Неміс: bifas mit Scheibenfuß
7. Бекітілген нұсқасы: иілгіш диск (2023), желек тәрізді жатыс (2024)
8. Қолдану саласы: Тарих, Іс жүргізу және мұрағат ісі
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысы. ... жинақтаушы бөлшектер (металл дөңгелекті дискілер, серіппелер) ...
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 355 бұйрығы. ... омыртқааралық дискілердің ауруларын ...
10. Ұсыныстар: заңнамалық құжаттарда "диск" термині кездескенмен, оның ұсынылып отырған терминге еш қатысы жоқ. Мамандардың пікірі қажет. Дегенмен де "дөңгелек табанды бифас" дефиницияға жақын келеді.
Рейтинг
+2
3.борт (раскопа)жиек, борт (2018)
борт (раскопа)
жиек, борт (2018)
Археологияборт (франц. bord)-"шет, шеті".
Дефинициясы1. Борт (қазба) – стратиграфия (қабатты шөгінді және вулканогендік жыныстардың салыстырмалы геологиялық жасын анықтау, тау жыныстарының қалыңдығын бөлшектеу және т.б. туралы геология бөлімі) мен зерттелетін аумақтың шекараларын бекіту үшін қолданылатын қазба жиегіндегі тік қабырға.
2. Этимологиясы: борт (франц. bord)-"шет, шеті".
3. Өзбек: bort (qazish)
4. Түрік: yan (kazma)
5. Ағылшын: board (excavation)
6. Неміс: bord (Ausgrabung)
7. Бекітілген нұсқасы: жиек, борт (2018)
8. Қолдану саласы: Тарих, Іс жүргізу және мұрағат ісі
9. Заңнамадағы қолданысы: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдеде № 269 қаулысы. ... жол жиектеріндегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 198-VІ ҚРЗ. ... Әуе кемелерінің бортында ...
10. Ұсыныстар: дефиницияны қарай отырып, "жиек" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+2
4.бровкажал, жарқабақ (1998)
бровка
жал, жарқабақ (1998)
Археология–
Дефинициясы1. Жал, жарқабақ – археологиялық ескерткіштің стратиграфиясын жақсырақ бақылау үшін қалдырылған квадраттар немесе үлкен қазба учаскелері арасындағы таза жер жолағы.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: chekka?
4. Түрік: kenar?
5. Ағылшын: edge?
6. Неміс: Rand?
7. Бекітілген нұсқасы: жарқабақ (1998), атжарыс жолжиегі (2022), қайраң қабақшасы (2024)
8. Қолдану саласы: Тарих, Геология, геодезия және география, Іс жүргізу және мұрағат ісі
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 88-нқ бұйрығы. ... құлама жарқабақтың тұрақсыз үйінділері ...
10. Ұсыныстар: дефинициясын басшылыққа алсақ, археологиялық ескерткіштің стратиграфиясын жақсырақ бақылау үшін топырақты жал қылып үйген. Олай болса, осы сала бойынша "жал" (археология) деп бекіту ұсынылады. Мамандардың пікірі артық болмайды.
Рейтинг
+3
5.вотивный топорғұрыптық балта
вотивный топор
ғұрыптық балта
Археология–
Дефинициясы1. Ғұрыптық балта – құрбандық заты, әртүрлі дәуірлерде жерлеу құралдарының маңызды бөлігі болған нағыз балтаның кішірейтілген көшірмесі. Ол ақыретте қайтыс болған адамды нақты тұрмыстық заттармен, мылтықтармен немесе қарулармен алмастыруға арналған.
Мысалы, Адыгея Республикасының Ұлттық мұражайында скифтік аң стилінде жасалған ғұрыптық балта бар.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: votiv bolta
4. Түрік: adak baltası
5. Ағылшын: the votive axe
6. Неміс: votiv-axt
7. Бекітілген нұсқасы: ғұрыптық-мифтік сын (2021), балта (2021)
8. Қолдану саласы: Тарих, Іс жүргізу және мұрағат ісі
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 469 бұйрығы. ... ғұрыптық-тұрмыстық әндері мен заманауи ...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 357 бұйрығы. ... ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара ...
10. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы "ғұрыптық балта" терминін бекітуді ұсынылады.
Рейтинг
+3
6.втульчатый наконечник стрелыұңғылы жебе ұшы, жебенің ұңғылы ұшы
втульчатый наконечник стрелы
ұңғылы жебе ұшы, жебенің ұңғылы ұшы
Археология–
Дефинициясы1. Ұңғылы жебе ұшы, жебенің ұңғылы ұшы – жебенің ағаш білігіне саптамаға арналған түбінде қуыс ұңғысы бар ұш түрі.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: vtulkali o'q uchi
4. Түрік: darbeli ok ucu
5. Ағылшын: tubular arrowhead
6. Неміс: Pfeilspitze mit Buchse
7. Бекітілген нұсқасы: жебелі кран (2016), иілу ұшы (2017)
8. Қолдану саласы: Тарих, Іс жүргізу және мұрағат ісі
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 919 бұйрығы. ... жебенің ұшы – жебе денесінің бас ...
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 55 шешімі. ... Ұңғылық шығырлар ...
10. Ұсыныстар: дефинициясын қарастыра келе, "ұңғылы жебе ұшы" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+1
7.выветренный слойморылған қабат
выветренный слой
морылған қабат
Археология–
Дефинициясы1. Морылған қабат – жел, жаңбыр, күн, аяз және т.б. сияқты табиғи факторлардың ұзақ уақыт әсеріне ұшыраған топырақтың жоғары қабаты. Бұл қабатта көбінесе артефактілер болады, бірақ оларды жылжытуға, жоюға немесе кейінгі шөгінділермен араластыруға болады, бұл олардың кездесуі мен анықтауды қиындатады.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: ajinlangan qatlam?
4. Түрік: aşınmış tabaka / hava etkili tabaka
5. Ағылшын: weathered layer
6. Неміс: verwitterte Schicht
7. Бекітілген нұсқасы: мәдени қабат (2019)
8. Қолдану саласы: Тарих, Геология, геодезия және география
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-VІ ҚРЗ. ... Бұзылған гликоль ...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 121 бұйрығы. ... тоқтататын қабаттарды салу үшін әзірленді ...
10. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы сәулет және құрылыс саласында қолданыстағы (морылған битум) терминді ескере отырып, "морылған қабат" терминін бекітуді ұсынады.
Рейтинг
+3
8.галечная индустриямалта тас индустриясы, малта тас өнеркәсібі
галечная индустрия
малта тас индустриясы, малта тас өнеркәсібі
Археологияиндустрия (лат. industrial) - "еңбекқорлық, ынталану, ықыластылық".
Дефинициясы1. Малта тас индустриясы – ерте палеолит дәуіріне тән тас өнеркәсібінің ежелгі түрлерінің бірін білдіретін археологиялық термин (Олдувай дәуірі). Ол малтатастарды құрал-саймандар жасау үшін дайындама ретінде пайдалануға негізделген.
2. Этимологиясы: индустрия (лат. industrial) - "еңбекқорлық, ынталану, ықыластылық".
3. Өзбек: tosh sanoati
4. Түрік: çakıl endüstrisi
5. Ағылшын: pebble industry
6. Неміс: kies-Industrie
7. Бекітілген нұсқасы: мәдениет индустриясы (2018)
8. Қолдану саласы: Тарих
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығы. ... Қиыршықтасқа, малтатасқа, құмға жасанды және табиғи кеуекті ...
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 306 бұйрығы. ... экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы ...
10. Ұсыныстар: археология термині ретінде заңнамалық құжатта кездеспеді. Дефинициясын негізге ала отырып, "малта тас өнеркәсібі" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+1
9.городищеқалашық, көне қала, ескі қала орны, көне қалашық
городище
қалашық, көне қала, ескі қала орны, көне қалашық
Археология–
Дефинициясы1. Қалашық, көне қала, ескі қала орны – бұрын болған бекіністі қоныс немесе аумақ. Ол әдетте қорғанысқа қызмет ететін дуалдармен, топырақ жалдарымен қоршалған. Қалашықтар қалалармен, құлыптармен, қасиетті орындармен немесе феодалдық үйлермен байланысты болуы мүмкін.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: shaharcha
4. Түрік: kalıntı
5. Ағылшын: hillfort
6. Неміс: Fundplatz
7. Бекітілген нұсқасы: қалашық (тарих) (1971), танк атыс қалашығы (2021)
8. Қолдану саласы: Тарих, Мәдениет және өнер
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 тамыз N 1103. ... көне қала Отырарды сақтау ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ ҚРЗ. ... тұрақтар, қалашықтар, көне кесендердің, қоныстардың, бекіністердің ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығы. ... мәдени игілік болып табылатын сирек қолжазбалардың, көне кітаптардың ...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2708 заң күші бар Жарлығы. ... күзет үй-жайларын, әскери қалашықтар салып ...
10. Ұсыныстар: аудармаларды, бекітілген терминдерді, заңнамалық құжаттардағы қолданысты қарастыра келе, "городище - көне қала" немесе "городище - көне қалашық" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+1
10.грабительский лазтонаушылар ізі, тонау тесігі, тонауға қазылған тесік, қазылған жасырын жол, тонаушылық қазба
грабительский лаз
тонаушылар ізі, тонау тесігі, тонауға қазылған тесік, қазылған жасырын жол, тонаушылық қазба
Археология–
Дефинициясы1. Тонаушылар ізі, тонау тесігі, тонауға қазылған тесік, қазылған жасырын жол – бағалы заттарды алып қою үшін жерлеу орнына, қорғанға немесе өзге де археологиялық құрылысқа заңсыз ену мақсатында қазылған рұқсатсыз қазба.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: yirtqich qazishmalar
4. Түрік: yağmacı tüneli / izinsiz kazı girişi
5. Ағылшын: looter’s tunnel / illegal excavation hole
6. Неміс: Raubgräbertunnel / illegales Grabungsloch
7. Бекітілген нұсқасы: тонаушы (2016)
8. Қолдану саласы: Тарих, Мәдениет және өнер
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ. ... ұлттық мүлiктi жою немесе тонау ...
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 66 қаулысы. ... диаметрі 4 метр болатын тонау шұңқыры ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысы. ... Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) ...
10. Ұсыныстар: ұсынушы тарап бірнеше термин нұсқаларын берген. Ал заңнамалық құжатта "тонау шұңқыры" деген термин қолданылған. Термин дефинициясын зерделей келе, "тонаушылық қазба" деп бекіту ұсынылады. Мамандардың талқылап, пікір айтуы артық болмайды.
Рейтинг
+3
11.гротүңгір
грот
үңгір
Археология–
Дефинициясы1. Үңгір – табиғи немесе жасанды түрде пайда болған шағын үңгір, қуыс, көбіне жартастың ішінде орналасқан. Үңгірді адамдар пана ретінде қолданған, ежелгі мәдени қабаттар табылған.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: g'or
4. Түрік: mağara
5. Ағылшын: cave
6. Неміс: Höhle
7. Бекітілген нұсқасы: үңгір туризмі (2019), үңгірлі гемангиома (2017)
8. Қолдану саласы: Тарих, Геология, геодезия және география, Мәдениет және өнер
9. Заңнамадағы қолданысы: Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысы. ... Ынталы үңгірі ...
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы. ... мүмкін кен қазу орындары, табиғи үңгірлер, басқа да ғимараттар ...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 41 бұйрығы. ... Түркістан облысының "Ақмешіт" үңгірі ...
10. Ұсыныстар: ұсынылған терминді жан-жақты қарастыра келе, сараптама қорытындысы "үңгір" терминін бекітуді ұсынады.
Рейтинг
-1
12.грунтовый могильникгрунттық қорым, топырақ қорым
грунтовый могильник
грунттық қорым, топырақ қорым
Археологияқорым (нем. Grund) – "топырақ, негіз".
Дефинициясы1. Топырақ қорымы – қорғанды үйінділерсіз топыраққа орналастырылған жерлеу орындарынан тұратын зират. Жерлеу әдетте қарапайым қабір шұңқырларында болған.
2. Этимологиясы: қорым (нем. Grund) – "топырақ, негіз".
3. Өзбек: er osti qabristoni
4. Түрік: toprak mezar alanı
5. Ағылшын: an underground burial ground
6. Неміс: Erdfriedhof
7. Бекітілген нұсқасы: ашық топырақ (2022)
8. Қолдану саласы: Тарих, Геология, геодезия және география, Мәдениет және өнер
9. Заңнамадағы қолданысы: Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 21/05 қаулысы. ... Шерубай қорымы, ерте темір дәуірі ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 165-V ҚРЗ. ... «мал қорымдарын» деген сөздер ...
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № А-8/377 қаулысы. ... Амангелді II қорымы ...
10. Ұсыныстар: егер қорымның бірнеше түрі бар болса, онда "топырақ қорым" деп бекітуге болады. Олай болмаған жағдайда сараптама қорытындысы заңнамалық құжаттарды негізге алып, "қорым" деп қана алып бекітуді ұсынады. Мамандардың талқылауы керек.
Рейтинг
-1
13.дневная поверхностькүндізгі жер беті, қазіргі жер беті, ашық жер беті
дневная поверхность
күндізгі жер беті, қазіргі жер беті, ашық жер беті
Археология–
Дефинициясы1. Күндізгі жер беті – археологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде бекітілген жер бетінің қазіргі (немесе қазба басталғанға дейінгі соңғы) көкжиегі. Археологиялық нысандар мен стратиграфиялық қабаттардың пайда болу тереңдігін өлшеу үшін бастапқы нүкте ретінде қолданылады.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: kunduzgi sirt
4. Түрік: gündüz yüzeyi
5. Ағылшын: daytime surface
6. Неміс: Tagesoberfläche
7. Бекітілген нұсқасы: алты күндік жұмыс аптасы (еңбек ж/е хал. әлеум. қорғ.) (2005), беткі; үсті; бет (2021)
8. Қолдану саласы: Тарих, Геология, геодезия және география, Сәулет және құрылыс
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1930 Қаулысы. ... Жерасты және ашық кен жұмыстарында ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 172 Қаулысы. ... жер бетінде қатты күйде болатын табиғи минералдық түзілімдер ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 30 маусымдағы № 130-VII ҚРЗ. ... жер пайдаланушыларға беру туралы шарт ...
10. Ұсыныстар: ұсынушы тараптан берілген нұсқалар орыс тілінде берілген "дневная поверхность" терминіне балама ретінде алынған. Дефинициясына назар аударсақ, археологиялық қазба жұмыстарындағы қазіргі жер беті жайында сөз болып тұр. Сол себепті "қазіргі жер беті" терминін бекітуге ұсынған болар едік. Мамандармен талқылау керек.
Рейтинг
-2
14.древняя поверхностьежелгі жер беті
древняя поверхность
ежелгі жер беті
Археология–
Дефинициясы1. Ежелгі жер беті – ежелгі кезеңге жататын жердің бастапқы беткі қабаты, ежелгі геологиялық кезеңдерде пайда болған жер қыртысының тұрақты континентальды бөлігін білдіретін геологиялық түсінік. Ол артефактілер орналасқан стратиграфиялық контексті анықтауда маңызды.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: yerning qadimgi yuzasi
4. Түрік: dünyanın antik yüzeyi
5. Ағылшын: ancient Earth surface
6. Неміс: die alte Oberfläche der Erde
7. Бекітілген нұсқасы: ежелгі (тар.) (1971), жер бетінің радиактивті ластануы (2022)
8. Қолдану саласы: Тарих, Геология, геодезия және география, Мәдениет және өнер
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ ҚРЗ. ... ежелгі елді мекендердің тарихи ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығы. ... жер бетінде пайда болған, минералдық ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 762 Жарлығы. ... ежелгі ескерткіштері мен Бекет Ата мазарының ...
10. Ұсыныстар: аудармаларды, бекітілген термин тіркесінің сыңарларын қарастыра келе, "ежелгі жер беті" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
-1
15.дротикдарт, найза, найзаша
дротик
дарт, найза, найзаша
Археология–
Дефинициясы1. Дарт, найза, найзаша – ұзын біліктен (көбінесе ағаштан) және көбінесе тастан немесе металдан жасалған ұштан тұратын қару түрі.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: dart
4. Түрік: cirit
5. Ағылшын: dart
6. Неміс: Speer
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Тарих
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 583 Жарлығы. ... Саптың ұшы найза пішінінде болады ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 19 қыркүйектегі 237-V ҚРЗ. ... алдаспандар, найзалар, сүңгілер ...
10. Ұсыныстар: дефинициясын, заңнамадағы қолданысын қарай отырып, "найза" деп бекіткен дұрыс болар. Найзадан кішілеу, қысқалау қару түрі екен. Бірақ оны "найзаша" деп бекіту жөнінде мамандармен кеңесу керек.
Рейтинг
-1
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! Республикалық терминология комиссиясының (жаратылыстану-математика бағыты) 2025 жылғы 6-отырысында бекітілетін терминдері

САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша) 613 1-613
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.VAR, повторбейнеқайталау
VAR, повтор
бейнеқайталау
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)бейнеқайталау (ағыл. video assistant referee)
Дефинициясы1. Бейнеқайталау – ойын кезінде айрықша күмән туғызатын, төрешілер екі ойлы болатын аса маңызды сәтте көмекке келетін видеоқайталау жүйесі. Бұл төрешілерге видео көмек жүйесі, олар даулы жағдайларда шешім қабылдауға көмектеседі, видео қайталауды қолданады және ойын сәтін әртүрлі қырынан талдайды.
2. Этимологиясы: бейнеқайталау (ағыл. video assistant referee)
3. Өзбек: video yordamchi hakam
4. Түрік: video yardımcı hakem
5. Ағылшын: video assistant referee
6. Неміс: video-assistent
7. Бекітілген нұсқасы: қайталау (пед.) (1971), видеотизер (2024), цифрлық видео (2023)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 215-VІ ҚРЗ. ... кино және бейне қызмет көрсетуде ...
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 204 Заңы ... ол функцияларын қайталауға жол бермейтiн бiрыңғай мемлекеттiк жүйе ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. ... бейнеөнім – моральдық құндылықтарға сәйкес келмейтін ...
10. Ұсыныстар: берілген терминнің анықтамасына қарай және басқа тілдердегі аудармасын ескере келе, "ТБК (төрешінің бейне/видео көмекшісі)" деп қысқартылған нұсқасын немесе ашып жазылған нұсқасын алу керек деп ойлаймыз. Бірақ соңғы жылдары Терминком "видеоны" - "бейне" емес, "видео" нұсқасында бекіткенін ескеру керек.
Рейтинг
+10
2.акробатическая дорожкаакробат жолағы, акробатикалық жол, акробатикалық жолақ
акробатическая дорожка
акробат жолағы, акробатикалық жол, акробатикалық жолақ
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)акробат (грек. akrobateo) - "аяқтың ұшымен жүру"
Дефинициясы1. Акробатикалық жолақ – акробатика, гимнастика және күрделі секіріс элементтерін орындауды қажет ететін басқа да спорт түрлерінде жаттығу мен жарыс өткізуге арналған арнайы спорттық жабын. Ол жұмсақ қонуға мүмкіндік беріп, спортшылардың қимыл үйлесімділігі мен тепе-теңдігін дамытуына көмектеседі.
2. Этимологиясы: акробат (грек. akrobateo) - "аяқтың ұшымен жүру"
3. Өзбек: akrobatik yo‘lka
4. Түрік: akrobatik yol
5. Ағылшын: acrobatic track
6. Неміс: Sprungbahn
7. Бекітілген нұсқасы: акробатикалық этюд (2019), жүгіру жолы (2019), атжарыс жолы (2019), жолақ (2020)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 5 бұйрығы. ... акробатикалық жолақта секіру ...
Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 261 қаулысы. ... акробатикалық жолда секіру ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 290 бұйрығы. ... Акробатикалық жолда секіру ...
10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын қарай келе, бектіліген терминдерді ескере отыра "акробатикалық жол" нұсқасын бекітуді ұсынамыз. "Жолақ" деген "полоса" сөзінің қазақша нұсқасы ретінде бекітілген. Заңнамада да екі нұсқасы қатар қолданылып жүр. Сондықтан "жолақ" тіркесімен алу дұрыс емес.
Рейтинг
-1
3.акселерацияжылдамдату, акселерация (2019)
акселерация
жылдамдату, акселерация (2019)
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)акселерация (лат. acceleratio) - "жеделдету"
Дефинициясы1. Жылдамдату, акселерация – бұл спортшының жылдамдығын қысқа мерзімде, көбінесе стартта немесе соңғы үдеу кезінде күрт арттыру процесі. Стартта: акселерация оңтайлы жарыс жылдамдығына тез жету үшін бастапқы позициядан максималды үдеумен шығуды білдіреді. Жүгіру кезінде: мысалы, қарсыласын айналып өту немесе қарқынын арттыру үшін спортшы серпіліс үшін акселерацияны қолдана алады.
2. Этимологиясы: акселерация (лат. acceleratio) - "жеделдету"
3. Өзбек: tezlash
4. Түрік: hızlanma, ivmelenme
5. Ағылшын: acceleration (human development)
6. Неміс: Beschleunigung
7. Бекітілген нұсқасы: акселерация (2017)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 24 маусымдағы № 52-VII ҚРЗ. ... акселерациялық бағдарламалар арқылы дамыту ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 174-VІ ҚРЗ. ... "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды акселерациялау ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 1 сәуірде № 27-VII ҚРЗ. ... өсу қарқынын жылдамдату ...
10. Ұсыныстар: анықтамасын, басқа тілдердегі аудармасын қарай келе, "жылдамдату" нұсқасын бекітуді ұсынамыз. "Акселерация" сөзі биология саласына қатысты мағынасы мен спорт саласына қатысты анықтамасы әртүрлі. Аражігін ажырату үшін спорт саласы деп жақша ішінде көрсеткен дұрыс болады.
Рейтинг
+8
4.активная борьбаширақ күрес, белсенді күрес, белсене күресу
активная борьба
ширақ күрес, белсенді күрес, белсене күресу
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)белсенді (лат. activus, actus) - "белсенді, қозғалысқа келтіру"
Дефинициясы1. Белсенді күрес – бұл шабуылға баса назар аудара отырып, әртүрлі әдістерді қамтитын жекпе-жектегі спортшылардың іс-қимыл кешені. Күрестің бұл түрінде қатысушылар белсенді шабуыл әрекеттерін қолдана отырып, қарсыласқа үстемдік етуге тырысады. Белсенді күрес жоғары техника мен тактикалық дайындықты қажет етеді.
2. Этимологиясы: белсенді (лат. activus, actus) - "белсенді, қозғалысқа келтіру"
3. Өзбек: aktiv kurash, faol kurash
4. Түрік: aktif mücadele
5. Ағылшын: active struggle
6. Неміс: aktiver Kampf
7. Бекітілген нұсқасы: биологиялық белсенді қоспа (2021), белсенді газ (2021), белсенді орталық (2024), радиоактивті индикаторлар (2024), күрес (2019)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 388-VI ҚРЗ. ... күрес жөніндегі белсенді шаралар ...
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 220-IV Заңы ... Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенциян ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 299-V ҚРЗ ... Биологиялық активті заттарды ...
10. Ұсыныстар: "актив" сөзі соңғы жылдары бекітілген терминдерде екі нұсқада да алынған. Бекітілген терминдерді ескере келе, спорт саласына қатысты "белсенді күрес" нұсқасын қалдыруды ұсынамыз.
Рейтинг
+8
5.активный бойширақ ұрыс, белсенді ұрыс, белсенді жекпе-жек/сайыс
активный бой
ширақ ұрыс, белсенді ұрыс, белсенді жекпе-жек/сайыс
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)белсенді (лат. activus, actus) - "белсенді, қозғалысқа келтіру"
Дефинициясы1. Ширақ ұрыс, белсенді ұрыс, белсенді жекпе-жек/сайыс – бұл спорттық жекпе-жектің (бокс, кикбоксинг, ММА, дзюдо және т.б.) бір түрі, онда спортшы үнемі бастамашылдық танытып, қарсыласқа қысым көрсетіп, жоғары қарқынмен шабуыл жасап, жекпе-жектің ырғағы мен темпін бақылауда ұстайды.
2. Этимологиясы: белсенді (лат. activus, actus) - "белсенді, қозғалысқа келтіру"
3. Өзбек: faol jang
4. Түрік: aktif dövüş
5. Ағылшын: active fight
6. Неміс: aktiver Kampf
7. Бекітілген нұсқасы: жануарлар төбелесі (2022), атысты ұрыс (2020), қоян-қолтық ұрыс (әскери іс) (1998)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 182 бұйрығы. ... Ұйымдастырушы - жекпе-жек бойынша халықаралық федерациялар ...
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 6 қаулысы. ... Жекпе-жек сайысы Ауыр атлетика ...
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 347/4 қаулысы. ... Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) ...
10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, заңнамадағы қолданысын ескере келе, "белсенді жекпе-жек" нұсқасын бекітуді қолдаймыз.
Рейтинг
+8
6.аллей-упшарық пас
аллей-уп
шарық пас
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)пас (фр. passer) - "бару"
Дефинициясы1. Шарық пас – баскетболдағы шабуылдаушы ойынның бір элементі. Бұл әдіс кезінде шабуылдаушы команданың бір ойыншысы қарсылас себетінің бағытына қарай жоғарыға қарай пас береді, ал оның командаласы сол сәтте секіріп, әуеде допты қағып алып, жерге түспей тұрып, көбіне данк (жоғарыдан салу) арқылы допты себетке салады. Бұл тәсіл ерекше дәлдік пен үйлесімділікті талап етеді және көрермендер үшін әсерлі сәттердің бірі.
2. Этимологиясы: пас (фр. passer) - "бару"
3. Өзбек: аlley-oop, havoga uzatma, osma pas
4. Түрік: аlley-oop, avadan pas, alçaktan smaç
5. Ағылшын: аlley-oop
6. Неміс: аlley-oop, Anspiel zum Dunking
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 314 бұйрығы. ... Шарықты, екi жылдамдықта және доғал ерiндi, қабырғасынан иiлген ...
10. Ұсыныстар: бұл халықаралық спорттық термин, көбінесе сол күйінде пайдаланылады. Көп жағдайда бұл термин аударылмай, транслитерация түрінде қолданылады. "Шарық" сөзінің түсіндірме сөздіктерде "көк, аспан" деген мағыналары бар. Мысалы: Ол сонау шырқау шарыққа шығып алды да, парашютін жерге жүз саржан қалғанда ашты (Ж.Молдағалиев, Айналайын.), Ителгі әлден уақытта ұшып шарыққа шықты (С.Бегалин, Уақыт.). Анықтамасына қарай отыра, берілген қазақша баламаны қолдануға болады деп санаймыз. Допты жоғарыға көтере пас беруге "шарық пас" келеді. Заңнамада қолданысы кездеспеді.
Рейтинг
-4
7.андердогелеусіз
андердог
елеусіз
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)андердог (ағыл. under+dog) - "төмендегі ит"
Дефинициясы1. Андердог – матчта немесе турнирде жеңіске жету мүмкіндігі төмен саналатын спортшы не команда. Көбіне қарсыласынан әлсіздеу деп есептелетін тарап, бірақ күтпеген нәтижелер көрсетуі де мүмкін.
2. Этимологиясы: андердог (ағыл. under+dog) - "төмендегі ит"
3. Өзбек: underdog
4. Түрік: underdog
5. Ағылшын: underdog
6. Неміс: Underdog
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 122 бұйрығы. ... елеусіз бұзушылықтар – табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар ...
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 502 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 69 Бірлескен бұйрықтары. ... елеусіз дәрежедегі тәуекел тобы ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 834 Қаулысы. ... елеусіз сипаттағы өзгерістер енгізу құқығымен ...
10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын, дефинициясын ескере келе, "андердог" сөзінің өзін қалдыру керек деп санаймыз. "Елеусіз" сөзі терминнің мағынасын аша алмайды. Заңнамада қолданысы жоқ.
Рейтинг
0
8.апелляцияқайта қарау, шағымдану, апелляция (2018)
апелляция
қайта қарау, шағымдану, апелляция (2018)
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)апелляция (лат. appellatio) - "үндеу"
Дефинициясы1. Қайта қарау, шағымдану, апелляция – жарыстың нәтижесі туралы төрешілер алқасының шешімін немесе спорттық іс бойынша қабылданған басқа органның шешіміне жоғары төрешілер ұжымына қайта қарату үшін шағымдану.
2. Этимологиясы: апелляция (лат. appellatio) - "үндеу"
3. Өзбек: apellyatsiya
4. Түрік: itiraz
5. Ағылшын: appeal
6. Неміс: Berufung (Recht)
7. Бекітілген нұсқасы: апелляция (2018), қайта қарау (заң) (2010)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы. ... апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 358-VI ҚРЗ. ... апелляциялық комиссиясы қызметін жүзеге асыру ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 20 наурыздағы № 20-VII ҚРЗ. ... Апелляциялық шағым берілген ...
10. Ұсыныстар: берілген терминнің дефинициясын, басқа тілдердегі аудармасын, заңнамада қолданысын қарай келе, "апелляция" термині қалуы керек деп санаймыз, берілген қазақша екі балама "шағымдану" - "обжалование", "қайта қарау (заң)" - "пересмотр" (2010) сөздеріне қолданылады.
Рейтинг
+8
9.апперкоттүре соққы, апперкот (2019)
апперкот
түре соққы, апперкот (2019)
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)апперкот (ағыл. upper+cut) - "жоғарғы+кесу"
Дефинициясы1. Түре соққы, апперкот – бокста төменнен ұру, яғни қарсыластың иек тұсына төменнен жоғары қарай бағытталған соққыны білдіреді. Көбінесе жақын арақашықтықта ұрыс салғанда қолданылады.
2. Этимологиясы: апперкот (ағыл. upper+cut) - "жоғарғы+кесу"
3. Өзбек: upperkut, yuqoriga zarba
4. Түрік: aparkat
5. Ағылшын: uppercut
6. Неміс: Aufwärtshaken
7. Бекітілген нұсқасы: апперкот (2019)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1351 Қаулысы. ... соққы толқынының қосарлы зақымдау факторлары ...
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 28 шешімі. ... соққы капсюлалары ...
10. Ұсыныстар: терминнің заңнамада қолданысы кездеспейді. Басқа тілдердегі аудармалары өзгеріссіз алынған. "Түре соққы" деген ұсыныс терминнің мағынасын толық аша алса, алуға болады. Сала мамандарымен қарау керек деп санаймыз.
Рейтинг
+8
10.аренда игрокажалға алу / жалға беру, ойыншыны жалға алу / ойыншыны жалға беру
аренда игрока
жалға алу / жалға беру, ойыншыны жалға алу / ойыншыны жалға беру
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)жалға алу (лат. arrendare) - "жалға беру"
Дефинициясы1. Жалға алу / жалға беру, ойыншыны жалға алу / ойыншыны жалға беру – бұл спортшының (мысалы, футболшының) келісімшартына ие клубынан кейбір мерзімге басқа клубқа уақытша ауысуын білдіретін келісім. Ол трансферлік терезе кезінде де, одан тыс уақытта да жүзеге асырылуы мүмкін. Келісім мерзімі – алдын ала белгіленеді, және әртүрлі болуы мүмкін: бір матчтан бірнеше жылға дейін.
2. Этимологиясы: жалға алу (лат. arrendare) - "жалға беру"
3. Өзбек: ijara (sport)
4. Түрік: kiralama (spor)
5. Ағылшын: loan, player loan
6. Неміс: spieler mieten
7. Бекітілген нұсқасы: жалдау (жалға алу/беру) (2020), қосымшаларды жалға алу/беру (2023), қосалқы ойыншы (2019)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 131-V Заңы ... «Мүліктік», «жалға алу», «мүліктік жалдау ...
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 202 шешімі ... Табиғи өлшеулер жүргізу үшін арендаторлары ...
Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қазандағы N 187 қаулысы. ... мүлікті жалға (арендаға) беру ...
10. Ұсыныстар: берілген анықтаманы, заңнамада қолданысын, басқа тілдердегі аудармаларын, бекітілген терминдерді ескере отыра, "ойыншыны жалға алу / беру" нұсқасын бекіткен дұрыс деп санаймыз.
Рейтинг
-4
11.атака сзади (футбол)ту сыртынан шабуылдау, сыртынан шабуылдау
атака сзади (футбол)
ту сыртынан шабуылдау, сыртынан шабуылдау
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)шабуыл (ескі фр. attaquer) - "бекіту"
Дефинициясы1. Ту сыртынан шабуылдау, сыртынан шабуылдау – бұл ойыншы осал күйдегі қарсыласын артқы жағынан ұрып-соғу немесе соққыға жығу ережелерін бұзу. Бұл спортқа тән емес мінез-құлық және айып добымен жазаланады, ал кейбір жағдайларда ойыннан шығарылады.
2. Этимологиясы: шабуыл (ескі фр. attaquer) - "бекіту"
3. Өзбек: orqadan hujum
4. Түрік: arkadan hücum
5. Ағылшын: rear attack
6. Неміс: angriff von hinten
7. Бекітілген нұсқасы: шабуыл (2020), арттан іліну (2019)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 13 мамырдағы № 256-VІ ҚРЗ. ... шабуылдауды имитациялауды ...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы 490-IV Заңы ... сондай-ақ тұтқиылдан шабуылдау салдарынан ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 734 қаулысы ... Десанттық-шабуылдау ...
10. Ұсыныстар: заңнамада қолданысын, бекітілген терминдерді ескере келе, терминнің ықшамдылығын сақтау үшін "сыртынан шабуылдау" нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+8
12.атакующий подборқайырма талас
атакующий подбор
қайырма талас
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)атака (фр. attaque) - "шабуыл"
Дефинициясы1. Қайырма талас – бұл команда шабуыл жасап жатқанда доп себетке түспей кері қайтса (яғни, мүлт кетсе), сол допты қайта қағып алып, шабуылды жалғастыру. Мұны қарсылас емес, шабуылдап жатқан команда жасайды. Шабуыл кезіндегі допты қайта алу.
2. Этимологиясы: атака (фр. attaque) - "шабуыл"
3. Өзбек: hujumiy ribaund
4. Түрік: hücum ribaundu
5. Ағылшын: offensive rebound
6. Неміс: Offensiv-Rebound
7. Бекітілген нұсқасы: шабуыл (2020)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 25-02/457 Бұйрығы. ... қайырма қаракөл жағалы, әрбір қатарда ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығы. ... Қондырмалы қайырма жағалы ...

10. Ұсыныстар: спорт саласының сөздіктерінде "атакующий" тіркесімен келген сөздерді "шабуылдаушы" деп береді. Терминнің анықтамасына үңілсек, "қайырма талас" баламасын алуға болады, сала мамандарымен талқылап қабылдау керек.
Рейтинг
-2
13.атрибуттөлсипат
атрибут
төлсипат
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)атрибут (лат. attributio) - "беру"
Дефинициясы1. Төлсипат – бір нәрсені ерекшелейтін белгі. Бұл ойыншыға немесе ойынға тән ерекше сипаттама, қасиет немесе құрал дегенді білдіреді. Футбол ойынында доптан бастап, соғылған голға дейін ойын атрибуттары болып саналады.
2. Этимологиясы: атрибут (лат. attributio) - "беру"
3. Өзбек: atribut
4. Түрік: öznitelik
5. Ағылшын: Attribute
6. Неміс: Attribut
7. Бекітілген нұсқасы: атрибут (2018), төлсипат (ақпараттық технология) (2006)
8. Қолдану саласы: Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Дене тәрбиесі және спорт, Философия және саясаттану, Педагогика және психология, Информатика және есептеуіш техника, Іс жүргізу және мұрағат ісі
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 2 ақпандағы № 58-VIII ҚРЗ ... меншіктің негізгі атрибуттарынан айтарлықтай айырады ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 141-VIII ҚРЗ ... ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға ...
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 11-V Заңы ... белгілері мен атрибуттар ...
10. Ұсыныстар: берілген терминнің дефинициясына қарасақ, "төлсипат" ұғымы мағынасын ашпайды. Іс жүргізу саласында ғана "төлсипат" деп 2006 жылы бекітілген екен. Заңнама құжаттарында да "атрибут" деп қолданылады. Сондықтан 2018 жылы бекітілген нұсқасында қалдырып, терминді қараудан алып тастаған дұрыс деп санаймыз.
Рейтинг
0
14.аутсырт, аут (2019)
аут
сырт, аут (2019)
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)аут (ағыл. out) - "тыс"
Дефинициясы1. Сырт, аут – доптың, шайбаның ойын алаңынан тыс шығып кетуі; бокс алаңында реферидің ұрысты нокаутпен аяқтауды тоқтатуы туралы берген командасы.
2. Этимологиясы: аут (ағыл. out) - "тыс"
3. Өзбек: chiqish, aut
4. Түрік: hariç, mola, çıkış
5. Ағылшын: оut
6. Неміс: Out
7. Бекітілген нұсқасы: аут (2019)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 64 шешімі. ... "стэмпинг аут" жүргізілген ел аумағында ...
10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын ескере келе, 2019 жылы бекітілген "аут" нұсқасы қалуы керек деп санаймыз.
Рейтинг
+6
15.бандажжұмсауыт, бандаж (2021)
бандаж
жұмсауыт, бандаж (2021)
Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)бандаж (фр. bandage) - "таңғыш, бинт"
Дефинициясы1. Жұмсауыт, бандаж – дененің жеке бөліктерін қажетті қалыпта сақтауға арналған, мықтап киіліп тұратын таңғыш.
2. Этимологиясы: бандаж (фр. bandage) - "таңғыш, бинт"
3. Өзбек: bandaj
4. Түрік: bandaj
5. Ағылшын: bandage
6. Неміс: Verband
7. Бекітілген нұсқасы: бандаж (2021), бандаж, белтартпа (2019), белтартпа (мед.) (2005)
8. Қолдану саласы: Көлік және қатынас жолдары, Дене тәрбиесі және спорт, Энергетика, Медицина, Механика және машинатану, Машинажасау, Сәулет және құрылыс
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ. ... Балдақтарды, хирургиялық белдіктерді және бандаждарды қоса алғанда ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 166-VІ ҚРЗ. ... бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 273 бұйрығы. ... Жаттығу бандажы ...
10. Ұсыныстар: берілген термин осы уақытқа дейін бірнеше рет бекітілген. Заңнамадағы қолданысы – "бандаж". "Жұмсауыт" баламасын алу туралы сала мамандарымен талқылау керек.
Рейтинг
+6
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Құрметті тіл жанашырлары «очко" - ұпай деп аударылып жүр. Ол дұрыс. Бағалау "Бал» жүйесі арқылы жүргізіледі. Осы сөздің қазақша баламасы бар ма?
  • Очко – ұпай
    Очко штрафное – айып ұпай
    Дереккөз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік/жалпы ред. бас. М.Б. Қасымбеков, жобаның ғыл.жетекшісі А.Қ. Құсайынов. – Алматы: «ҚАЗақпарат» Толығырақ ...баспа корпорациясы, Т.30: Дене тәрбиесі және спорт. – 2014. – 464 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қайырлы күн . Спорт тақырыбының терминдерін қарастыру барысында біршама қиындықтарға кездестім. Мысалы «кросс" бокс саласында "қия соққы", ал теннисте "шадырлау" дейді. Шадырлаудың орнына "диагонал соққы» десек бір ізге келер ме Толығырақ ...еді. Осы сияқты бір сөз сорттың әр түрлерінде әртүрлі мағына береді екен.
  • Шадыр (парсы) – пәранжа, мұсылман әйелдердің жүзі мен денесін жасыратын жамылғы
    Дереккөз: Бабалар сөзі: Жүз томдық. - Астана: «Фолиант», 2013. Т. 94: Түс жору және ырымдар. - 432 бет.

    Шәлкем, шағыр, шадыр, Толығырақ ...шайпау, шамкес – мінезі нашар, мінезді емес.
    Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.

    Дойыр, нойыс, шадыр, дүлей, ұрма, ұрт – сабырсыз, әрі дөрекі, томырық, бір бет.
    Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.

    Шадыра
    1) Әйелдер жамылғысы.
    2) Жөкеден тоқылған ыдыс.
    Дереккөз: Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.

    Шадырлау, шайпаулау, шәлкестеу, қиястау, шақарлау, долылау, ызақорлау – мінезі аздап шадыр.
    Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.

  • Бокс, теннис, воллейбол спорт түрлеріне орындау әдісін ескере отырып, ортақ "кросс – қиғаш соққы" терминін қабылдауды ұсынамын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
1. Эмодзи (смайлик) – цифрлық хабарламаларда адамның көңіл-күйін, эмоциясын немесе реакциясын білдіретін шағын сурет немесе таңба.
2. Селфи – адамның өзін өзі түсірген фотосуреті, көбінесе смартфон арқылы.
3. Блог – белгілі бір Толығырақ ...тақырыпқа арналған жеке немесе ұйымдық интернет парақша, онда авторлар жазбаларын, пікірлерін жариялайды.
4. Краудфандинг – көп адамдардан аз-аздап қаражат жинау арқылы жобаға немесе идеяға қолдау көрсету тәсілі.
5. Хэштег – әлеуметтік желілерде белгілі бір тақырыптағы жазбаларды топтастыру үшін қолданылатын # белгісі бар сөз немесе сөз тіркесі.
6. Инфлюенсер – әлеуметтік желілерде өз беделі мен жазылушылары арқылы адамдардың пікіріне немесе таңдауларына әсер ететін тұлға.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.Эмодзи (смайлик)Көңілбейне
2.СелфиӨзбейне
3.БлогЖазбабет
4.КраудфандингЖұртқаржы
5.ХэштегТорбелгі
6.ИнфлюенсерӘсеретуші
Тарихов Ризабек, Әлишер, Сарқыт Қалымұлы Әлісжан
  • 1) Смайл (эмодзи) – смайлик (эмодзи), (2023 жылы бекітілген термин)
    2) Блог – блог (Информатика және есептеуіш техника)
    3) Іздестіру блогы – поисковый блок (2025 жылы бекітілген термин)
    4) Тарату блогы – раздаточный Толығырақ ...блок (2025 жылы бекітілген термин)
    4) Блогосфера – блогосфера (2023 жылы бекітілген термин)
    5) Блог-платформа – блог-платформа (2021 жылы бекітілген термин)
    6) Блогер – блогер (2018 жылы бекітілген термин)
    7) Қуат блогы – блок питания (2018 жылы бекітілген термин)
    8) Краудфандинг – краудфандинг (2022 жылы бекітілген термин)
    9) Хештег – хештег (2021 жылы бекітілген термин)
    10) Инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы (Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 10 шiлдедегi № 18-VIII ҚРЗ).

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.