Attention! To leave a message, please sign in.
Қазақстан Республикасы Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайынғы республикалық терминшілер байқауын бастады! Байқау өтінімі 2026 жылдың 20 сәуір мен 31 тамыз аралығында қабылданады.
Байқауға 18 Толығырақ ...жасқа толған ҚР кез келген азаматы қатыса алады. Ұлттық сипаттағы терминжасауға әркімнің үлес қосуға мүмкіндігі бар. Небәрі 5 термин ұсынып, жүлделі орынға ие болыңыз!
Байқаудың жүлде қоры:
Бас жүлде – 250 000 теңге.
I орын – 150 000 теңге.
II орын – 100 000 теңге.
III орын – екі жеңімпаздың әрқайсысына 70 000 теңге.
Ынталандыру сыйлығы – төрт жеңімпаздың әрқайсысына 25 000 теңге.
Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астана қаласына шақыртылады.
Байқау ережесімен танысу үшін сілтемеге өтіңіз ➡️ https://docs.google.com/document/d/12CF9zi_otUyJnajK7WUavQ8Xtt48Oqgv/edit?usp=sharing&ouid=102829762134357764975&rtpof=true&sd=true
Өтінімдер және сұрақтар бойынша байланыс: termincom2021@gmail.com, +77172251465
Сарсембекова Тоғжан, Габдуллина Динара Салимгереевна, Төлегенов Мұхит Жылқайдарұлы және 3
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
қалай ойлайсыздар «адреналин» термині қазақша адреналин деп бекітіліпті. Осы сөзге жаңаша бір қазақша термин жасасақ? Өйткені өте көп қолданылатын сөз. Көбінесе жастардың арасында
  • Shakenova Meruyert 2 күн бұрын

    Қайырлы күн! Әрине, бұл сөз жастар арасында көп қолданысқа ие. Сондықтан ұлт тілінде балама ұсынсаңыз болады. Ол үшін терминжасам қағидатын зерттеп, қонымды, уәжді нұсқа ұсына аласыз. Сондай 5 терминге қазақ Толығырақ ...тілінде балама беріп, терминшілер байқауына қатысыңыз!

  • Терминжасам барысында қазақ тілінде атауы жоқ терминдерге басымдық беру маңызды.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Сәлеметсіздер ме. Бұл терминдер сайысына бірінші рет қатысып жатырмын. Басында түсінбей, зерттей келе қызықты болып жатыр. Өзім тарихшы болғандықтан осы бағыт бойынша жұмыс жасап жатырмын. Баршаңызға сәттілік.
Shakenova Meruyert
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Termincom.kz сайтында «станция" сөзі 2020 жылы "станса" деп бекітілген. Бұл сөзге ұлт тілінде қандай балама ұсынуға болады? "Станса» деп қалғаны қаншалықты дұрыс?
  • А. Байтұрсынұлының термин жасау қағидаттарына сәйкес жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек.

  • Станция сөзі бекет деп аударылады

  • Станция – станция, станса (Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №2 (59) 2020).

    Пост – бекет (Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №1 Толығырақ ...(51) 2016).

    Контрольный пост – бақылау бекеті
    Наблюдательный пост – байқау бекеті
    (Терминологиялық бюллетень, Республикалық терминология комиссиясының 2025 жылғы 10 қазандағы отырысында бекітілген терминдер).

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Іс-қағаздар саласы: суверенный актив - мемлекеттік актив
#Russian versionKazakh versionRating
1.суверенный активмемлекеттік актив
2.динамика активовактивтердің динамикасы
termincom.kz
  • Гаухар Асылбек 3 апта бұрын

    Суверенный актив – қосалқы актив
    Динамика активов – активтер динамикасы

  • Shakenova Meruyert 3 апта бұрын

    "Суверенный актив" терминінің негізгі мағынасы - мемлекетке тиесілі және оның бақылауындағы экономикалық құндылығы бар мүлік немесе қаржы ресурсы. Оның негізгі белгісі - мемлекет меншігінде болуы және ұлттық мүддеге қызмет етуі. Толығырақ ...Бұл ерекшелігіне сай "ұлттық мүлік" немесе "елдік актив" терминдерін балама ретінде ұсынуымызға болады.

  • мемлекеттік актив дұрыс

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақ тілінде әлі бекітіліп үлгермеген топ 5 сала қандай? Бұл саладағы терминдердің бекітілмеуіне қатысты ойларыңыз қандай?
Shakenova Meruyert, termincom.kz, Оразгүл Жәдігерқызы
  • 1. Жасанды интеллект және нейротехнология
    2. Гейминг және киберспорт
    3. Медицина мен биотехнология
    4. Қаржы
    5. Маркетинг және медиа

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.