Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Жаяу өтпе
Жерасты жаяу өтпесі
Жерүсті жаяу өтпесі
Осы үшеуі орыс тілінен тікелей аударылған. Айтылуы ұзақ болғандықтан ешкім қолданбайды. (халық пешеход, надземка, подземка деп айтады).
Оның орнына ұсынысым мынандай:

Өткел
Аст өткел
Үст өткел

Аст пен Толығырақ ...үст өлі түбір болса да жаңғыртуға болады деп ойлаймын.
  • Ұсыныс жариялап, қазақ тілді терминологияға алаңдаушылық білдіргеніңіз құптарлық іс. Қазақ тілінде баламасы жоқ терминдердің сәтті нұсқасын ұсынсаңыз, тіпті жақсы. Алайда жаргон сөздерді бекіте берсек, тіліміздің жайы не болмақ? Сіз қозғап Толығырақ ...отырған терминдер заңнамада бар. Төменде мәтіннен үзінді келтіріп өтсек:
    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 1-тарауында:
    20. Жаяу жүргіншілер өткелі – жүру бөлігінің 5.16.1, 5.16.2 осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгілерімен және (немесе) 1.14.1 - 1.1.14.3 осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес таңбаларымен белгіленген және жаяу жүргіншілердің жолдан өтуі үшін бөлінген жолдың жүру бөлігінің учаскесі. Таңба болмаған жағдайда, жаяу жүргінші өткелінің ені жол осі бойынан осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.16.1 және 5.16.2 белгілерінің арасындағы ара-қашықтықпен айқындалады;
    20. Пешеходный переход – участок проезжей части дороги, обозначенный знаками 5.16.1, 5.16.2 согласно приложению 1 к настоящим Правилам и (или) разметкой 1.14.1 - 1.14.3 согласно приложению 2 к настоящим Правилам и выделенный для движения пешеходов через дорогу. При отсутствии разметки ширина пешеходного перехода определяется расстоянием между знаками 5.16.1 и 5.16.2 согласно приложению 1 к настоящим Правилам по оси дороги;

    3-тарау. Жаяу жүргіншілердің міндеттері
    15. Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, ал олар болмағанда көру шегінде - қиылыстарда тротуарлар және жол жиегі сызығы бойымен кесіп өтеді.
    15. Пешеходы пересекают проезжую часть дороги по пешеходным переходам, в том числе по подземным и надземным, а при их отсутствии в пределах видимости – на перекрестках по линии тротуаров или обочин.

    Ал «аст» сөзіне келсек, ол М. Қашқаридің Түрік сөздігінің 1-томында (Аударған А.Егеубай) соқпақ, таркөше (шігілше) деген мағынада кездеседі.
    «Асты» десеңіз:
    1) Заттың үстіне қарама-қарсы жағы, беті.
    2) Белесті жердің баурайы, арғы жақ бетінің төменгі тұсы.
    3) Жаңбыр, бұршақ, түтін, оқ, шаң, боран, жел тақілеттес заттардың маңы, арасы, іші.
    4) Іші, ішкі жағы.
    5) Мінген көлігі (ат, мәшине туралы).
    «Үсті» деген сөздің бірнеше мағынасы бар:
    1) Бір заттың астына қарама-қарсы жағы, үстіңгі беті, жоғарғы жағы.
    2) Адамның үсті-басы, тұла-бойы; дене.
    3) Уақиғаның дәл мезгілі, болып жатқан уақыты.
    4) Тарап, жақ
    5) Бір нәрсемен қатар екінші нәрсені қабаттастыра қолдану.

  • Усенов Нурлан 2 жыл бұрын

    Қарлығаш Жастілекқызы сіз үшін сәтті нұсқа не? Тек ресми құжаттарда қолданылса жеткілікті ме? Халық пешеход, надземка, подземка дей берсін бірақ құжатта әдемі көрінсін бе? Құжатта да ауыз-екі сөйлеуде де кең Толығырақ ...қолданыстағы сөздер мен үшін сәтті нұсқа. Мен ұсынған сөздер жаргон екенін қалай анықтадыңыз?

  • Усенов Нурлан 2 жыл бұрын

    Қанша тіл жанашыры болсам да жаяу жүргіншілер өткелі, жерүсті жаяу өткелі деп айту маған қиынға соғады. Бекітілген сөздер халықтың арасында таралмаса аударма сәтті деп айту қаншалықты дұрыс?

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Газдалған суды жай ғана газды су десек. Қойылтылған сүт яғни сгущенконы қою сүт десек жеткілікті емес пе? Неге сөзбе-сөз аудармамен айналысып жатырмыз? Терминді бекітпес бұрын қоғам арасына ол сөз ене Толығырақ ...ме жоқ па соны жақсылап ойлану керек. Ұзын аударма сөздердің қолданысқа енуі екіталай. Газированная воданы газировка, сгущенное молоконы сгущенко дейді халық. Сол үшін қазақша сөздерді барынша жеңілдету қажет деп санаймын.
Ұсынысым: газды су және қою сүт
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова
  • «Газированная вода» термині «Су шаруашылығы» мен «Экология» категорияларында «Газдалған су», ал «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет» категориясында «Газды су».

    «Сгущенное молоко» термині «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет», «Медицина» категорияларында Толығырақ ... «Қойылтылған сүт», «Ауыл шаруашылығы» категориясында «Қоймалжың сүт».

    Қою сөзі «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет» категориясында «Густой», «Бекітілген терминдер жинағы» категориясында «жирный» деп берілген.

    Қойылтылған сөзінің мағынасы – судың бір бөлігін буландыру арқылы қоюлануға ұшыраған. Қойылтылған сәбіз шырыны. Қойылтылған қышқыл. Қойылтылған морс;

    Қою сөзінің мағынасы – сұйық зат туралы айтар болсақ, сұйықтықтың аққыштығы әлсіз, бір нәрсемен қаныққан дегенді білдіреді. Қою ашытқы қамыр. Қою сорпа. Қою қаймақ. Қою балшық.

    Енді «сгущенка» мен «сгущенное молоко»-ның айырмашылығына тоқталсақ, нағыз қойылтылған сүтте (сгущенное молоко) тек сүт пен қант болуы мүмкін. Егер құрамына крахмал немесе өсімдік майлары қосылса, онда бұл нарыққа "сгущенка", "варенка" атауларымен жеткізілетін құрамында сүт (Молокосодержащий продукт) бар өнім.

  • Ұсыныс, пікір жазу арқылы терминология саласының дамуына әр азамат өз үлесін сәл де болса, қосатыны анық.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.