"
Газдалған суды жай ғана газды су десек. Қойылтылған сүт яғни сгущенконы қою сүт десек жеткілікті емес пе? Неге сөзбе-сөз аудармамен айналысып жатырмыз? Терминді бекітпес бұрын қоғам арасына ол сөз ене Толығырақ ...ме жоқ па соны жақсылап ойлану керек. Ұзын аударма сөздердің қолданысқа енуі екіталай. Газированная воданы газировка, сгущенное молоконы сгущенко дейді халық. Сол үшін қазақша сөздерді барынша жеңілдету қажет деп санаймын.
Ұсынысым: газды су және қою сүт
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова
  • «Газированная вода» термині «Су шаруашылығы» мен «Экология» категорияларында «Газдалған су», ал «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет» категориясында «Газды су».

    «Сгущенное молоко» термині «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет», «Медицина» категорияларында Толығырақ ... «Қойылтылған сүт», «Ауыл шаруашылығы» категориясында «Қоймалжың сүт».

    Қою сөзі «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет» категориясында «Густой», «Бекітілген терминдер жинағы» категориясында «жирный» деп берілген.

    Қойылтылған сөзінің мағынасы – судың бір бөлігін буландыру арқылы қоюлануға ұшыраған. Қойылтылған сәбіз шырыны. Қойылтылған қышқыл. Қойылтылған морс;

    Қою сөзінің мағынасы – сұйық зат туралы айтар болсақ, сұйықтықтың аққыштығы әлсіз, бір нәрсемен қаныққан дегенді білдіреді. Қою ашытқы қамыр. Қою сорпа. Қою қаймақ. Қою балшық.

    Енді «сгущенка» мен «сгущенное молоко»-ның айырмашылығына тоқталсақ, нағыз қойылтылған сүтте (сгущенное молоко) тек сүт пен қант болуы мүмкін. Егер құрамына крахмал немесе өсімдік майлары қосылса, онда бұл нарыққа "сгущенка", "варенка" атауларымен жеткізілетін құрамында сүт (Молокосодержащий продукт) бар өнім.

  • Ұсыныс, пікір жазу арқылы терминология саласының дамуына әр азамат өз үлесін сәл де болса, қосатыны анық.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.