Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.

Эксперты

Балласт
Балласт сөзі көне неміс тіліндегі пайдасыз және жаман затты білдіретін “bal” атты сөзінен бастау алған. Бұрынғы уақытта бұл термин кеменің жүзу кезіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ететін, бірақ функционалдылық жағынан пайдасы Толығырақ ...жоқ материалды айтады. Қазақ жерінде кеме саласы кеңінен дамымағандықтан, “балласт” сөзіне нақты анықтама бере алатындай қазақша балама сөз жоқ. Туыс болатын түркі тілдес елдердің ішінде осы сөз алдыңғы формасын және дыбысталуын сақтап қалған. Сонымен қатар, электрлік инженерияды “балласт” деп, электр тізбегіндегі тоқты шектеуге арналған құрылғыны айтады. Бұд дегеніміз, берілген сөз әр-түрлі салада бірнеше мағынада берілуі мүмкін. Сондықтан да, бұл сөз халықаралық термин болғандықтан, қазақ тіліне батпан немесе салмақ деп аудару түсінпеушілікке әкеп соғады.
Тлеумағамбет Баян Рустемқызы, Абзал Нұрғазы, Гауһар Жұмаш және 1
  • Гауһар Жұмаш 5 жыл бұрын

    Негізінде, сіз атап кеткен техникалық құрылғы мен электр инженериядағы "балласт" терминің дәл осы қалпында қалдырған дұрыс сияқты. Егер де әдебиет пен өзге де гуманитариялық салаларда бұл термин дәл осы формада Толығырақ ...қолданылатын болса, оның мағынасына сай етіп қазақ тілінің нақышына келтіруге әбден болатын сияқты. Өзге салалардағы қолданысы жайлы не айтасыз?

  • Абзал Нұрғазы 5 жыл бұрын

    Ұсынылып отырған батпан және салмақ сөздері жай ғана объектінің массалық өлшемін береді. Бірақ та құрылыс пен инженерия саласында бұл термин басқа мағынада берілген. Яғни қазақша аудармасы толық анықтамасын бермейді. Гуманитарлық Толығырақ ...салада бұл терминнің қолданылуын көрген жоқпын. Мысал келтірсеңіз жақсы болар еді.

  • Гауһар Жұмаш 5 жыл бұрын

    Гуманитарлық салаларда және жалпы өмірдегі қолданыста кездеспесе де, медицина саласындағы мына бір тіркесте "балластные вещества пищи" сіз ұсынып отырған "батпан" және "салмақ" сөздері сай келмейтін сияқты. Сіздің ойыңыз қандай?

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.