Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Сәлеметсіздер ме!
Язык программирования -бағдарламалау тілі ме, әлде программалау тілі ме?
Нақты бекітілген заңнама бар ма? Әр жерде әртүрлі жазылып жүр. Бағдарлама сөзі мысалы, телеарналардағы бағдарлама да, ал, Информатикадағы тілге байланысты программалау Толығырақ ...сөзі қалған, осы дұрыс па? Алдын ала рақмет!
  • Сәлеметсіз бе, бекітілген нұсқасын қолдануға болады.
    1. Бағдарламалау тілі – язык программирования (2022 жылы бекітілген термин)
    2. Бағдарламалау – программирование (2021 жылы бекітілген термин)
    3. Бағдарламалау тілі. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық Толығырақ ... қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығы
    4. Бағдарламалау тілі. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 576 бұйрығы
    5. Бағдарламалау тілі. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 11 маусымдағы № 494 бұйрығы
    6. Бағдарламалау тілі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Сәлеметсіздер ме!
Вычислительное мышление сөзінің бекітілген аудармасы бар ма?
Алдын ала рақмет!
  • Сәлеметсіз бе! Заңнамада "Есептік ойлау" нұсқасын кездестіруге болады.

  • Серік Ерғали 2 жыл бұрын

    Вычислить - есептеп шығару, есептеу емес, есептік емес... Сондықтан бұл кәлкілеуге де қиын. Ойластыру керек

  • Серік Ерғали 2 жыл бұрын

    Вычислитель - есептеуіш деп алуға жарайды, өйткені ол адам емес, машина, мышление - ойлау/мыслить/думать емес, ойлам деген зат есім жасаған жөн. Сонда Есептеуіш ойлам тіркесі шығады.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
сәлеметсіз бе!
-Саламатсыз ба? деген дұрыс па немесе
- сәлеметсіз бе? деген дұрыс па?
айырмашылығы туралы мәлімет бар ма?
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы
  • Оразгүл Жәдігерқызы 3 жыл бұрын

    Қазақ тілінде "сәлем" деген сөз бар да "сәлемет" деген сөз жоқ, "салам" деген сөз жоқ та "саламат" деген сөз бар. Қал-жағдай, жөн сұрасқанда ғана "саламатсыз (ба)" деуге болады, өйткені саламатсыз Толығырақ ...(ба) = аманбысыз = аман-саумысыз = қалайсыз т.б., ал амандасқанда тек "сәлеметсіз (бе)" деу жөн.
    Салам ❌
    Сәлем ✅
    Саламатсыз (ба) ❌
    Сәлеметсіз бе (бе) ✅
    Тура "сәлем", "сәлеметсіз (бе)" деген түрде бұл сөздер ТЕК қазақ тілінде бар. Қазақ болғасын ҚАЗАҚША амандасайықшы. @Qazaq Grammar

  • Бұл бір сөздің жуан және жіңішке нұсқасы ғой.

  • Сәлеметсіз бе сөзіне жазған ойым сақталмай қалған екен. амандасудың түрі көп қой. Амансыз ба деп көбінесе ер азаматтар амандасатын сияқты. Ал енді қыз-келіншектер сәлеметсіз бе деп нәзік сыпайы сызылып Толығырақ ...тұрмай-ма? сондықтан саламатсыз ба деген дұрыс емес.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Ақпараттық білім беру ортасы" сөзінде сызықша болады ма?
Кейбір жерлерде бар, кейбірінде жоқ
"Информационно-образовательная среда» орысшасы
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Abdikarim, Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы
  • Сәлеметсіз бе, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі қолданысы: ақпараттық-білім беру ортасы.

    Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 20 қаңтардағы "Жоғары және (немесе) Толығырақ ...жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы № 23 бұйрығының 61-тармағында «*ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру орта» деп жазылған және 2001 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында «*Ақпараттық-бiлiм беру ортасын құру» деген қолданысы бар.

  • Дамира 3 жыл бұрын

    рақмет үлкен!

  • Abdikarim 3 жыл бұрын

    Дамира, сұрағыңыз үшін рақмет! Ал оған дәйекті түрде жауап берген Ерболат Ғалымжанұлына алғыс айтамыз. «Ақпараттық білім беру ортасы" тіркесінің кейде дефиспен, кейде онсыз жазылуы қазақ тілінің тіркесім заңдылығына қайшы келіп Толығырақ ...тұруымен байланысты. Ақпараттық білім беру - анықтауыштық қатынастағы тіркес, сондықтан олардың арасына дефис қойылмайды; және де әртүрлі сөз табының қосарлануы қазақ тіліне жат құбылыс. Сондықтан бұл ұғымның нені білдіретіндігін сараптап алғанымыз жөн. Орыс тіліндегі еңбектерде бұл ұғым қайдан бастау алатындығын былайша түсіндіріледі: "... информатизация образования, обусловленная глобальными изменениями..." Ендеше жоғарыдағы екі нұсқаның екеуі де дұрыс емес, оны "ақпараттандыру-білім беру ортасы" деп аударған жөн деген ойдамыз. Осындай даулы мәселелер болса, ортаға салып, пікір қалдырып тұруларыңызды сұраймыз.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.