"
Заманның дамуына байланысты қазақ тіліне көптеген ғылыми терминдер енді.
Мысалы: Нанотехника деген сөзді алайық.
Шығу тегі:
«Нано» сөзі грек тіліндегі nanos – «өте ұсақ» деген мағынаны білдіреді. «Технология» сөзі де Толығырақ ...грек тілінен шыққан. Бұл термин қазақ тіліне негізінен ағылшын және орыс тілдері арқылы енді. [1, 537]


Қазақ тілінде «нанотехнология» термині ғылыми әдебиеттерде, жоғары оқу орындарының оқулықтарында кеңінен қолданылады. Термин халықаралық атау болғандықтан аударылмай, сол күйінде қабылданған. Сондықтан қазіргі таңда дұрыс, әрі тұрақты қолданылып келе жатқан термин деп айтуға болады.

Жаһандану дәуірінде «цифрландыру»деген сөзді жиі пайдаланып жүрміз. Ол орыстың цифравизация деген сөзінің калька аудармасы. Меніңше, сандық технологияға көшу деген терминді қолданған әлдеқайда дұрыс.

Биотехнология сөзі.
«Био» – грек тіліндегі bios («өмір»), «технология» – грек тіліндегі techne («өнер, тәсіл») және logos («ілім») сөздерінен шыққан. Термин қазақ тіліне орыс және ағылшын тілдері арқылы енген. [2, 220]

Бұл термин Қазақстандағы ғылыми мақалаларда, университет пәндерінде жиі кездеседі. Термин аударылмай, халықаралық нұсқада қолданылып келеді. Сондықтан қолданысы дұрыс қалыптасқан.

Заман ағымына байланысты ғылымға енген тағы бір термин: Киберқауіпсіздік.

«Кибер» сөзі грек тіліндегі kybernetes – «басқарушы» деген мағынадан шыққан. Бұл термин қазіргі кезде ағылшын тіліндегі cybersecurity сөзінен алынған.

Меніңше, бұл термин қолданысы дұрыс, бірақ желі қауіпсіздігі деген нұсқа да жаман емес. Әр сөзді барынша қазақшаландыру керек деп ойлаймын. [3, 379]

Келесі қарастыратын термин: жасанды интеллект. «Жасанды интеллект» термині ағылшын тіліндегі Artificial Intelligence (AI) сөзінен шыққан. Бұл термин алғаш ғылыми айналымға 1950-жылдары енгізілді. Бұл термин өте сәтті аударма деп ойлаймын. Себебі кейде тілге жаңа сөздер енген кезде оның түпкі мағынасын ауыстыру маңызды емес.
  • Sıfr – bul sandardy jazýǵa arnalǵan belgi.

    Derekkóz: Matematıka: Jalpy bilim beretin mekteptiń 1-synybyna arnalǵan oqýlyq: 2 bólimnen turady/G.Sh. Jaqypova, N.V. Orehova, N.V. Lebedeva t.b. – 1-bólim. – Astana: «Nazarbaev Zıatkerlik Tolyǵyraq ...mektepteri» DBBU, 2016.

    Sıfr – sıfra (2006 jyly bekitilgen termın)
    San – chıslo (2006 jyly bekitilgen termın)
    Sıfrlandyrý – sıfrovızasıaá (2018 jyly bekitilgen termın)
    Nanotehnologıaá – nanotehnologıaá (2023 jyly bekitilgen termın)
    Bıotehnologıa – bıotehnologıa (2023 jyly bekitilgen termın)
    Kıberqaýipsizdik – kıberbezopasnost(2021 jyly bekitilgen termın)
    Jeli (aqparat) – lınıaá (2004 jyly bekitilgen termın)
    Jeli (ádeb.) – fabýla (1998 jyly bekitilgen termın)
    Jeli (jer ǵyl.) – jıla (1995 jyly bekitilgen termın)
    Jeli (med.) – horda (1995 jyly bekitilgen termın)
    Torap, jeli – set (Sáýlet jáne qurylys)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Barlyq paıdalanýshylar

Eskertý! Habarlama qaldyrý úshin saıtqa kirý kerek.