Құрметті тіл жанашырлары. Мені үнемі толғандыратын мәселе бекітілген терминдердің қолданыс аясының тарлығы. Екі сөз ғана жазайын: ортан жілік, тоқпан жілік. Бұл қашаннан бері бекітілген болса да орысшадан тікелей аудармасының қолданыста
Толығырақ ...бар екеніне кейде куәгер болып қалып жүрміз. Тоқпан жілікті - иық сүйегі деп, ортан жілікті сан сүйегі деп айтып жүрген әріптестерге арнайы жазып отырмын.
Марал Жүнісбекқызы, өте дұрыс айтасыз. "Ортан жілік-бедренная кость" деп 2005 жылы бекітілген. Қазіргі кезде калька аударманың кеселінен термин ретінде ғана емес, күнделікті өмірде де белсенді қолданыстағы сөзді жоққа шығару белең алып бара жатқаны қынжылтады.