"
Армысыздар!

«Ден қою" сөз тіркесінің қандай себептер/негіздер бойынша "реагировать" және "реагирование" сөзінің аудармасы болып кеткенін кім түсіндіріп бере алады екен?

Қазақша құқықтық жазба мәтіндерінде жиі кездесетін тіркестер: "принять меры реагирования", "оперативно Толығырақ ...реагировать", "незамедлительно реагировать". Барлығына "ден қою" деу мағынасын ашпай жатыр.


Одан бөлек, мектепке дейн және мектеп оқу бағдарламаларының бекітілген үлгілері бар. Міне сілтемелері:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235#z14" target="_blank">https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235#z14

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767#z157" target="_blank">https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767#z157

Бұл құжаттар "реагировать" және "реагирование" баланың оқу нәтижесінде істей алатын әрекеттері екен.

Қарасаңыз, партада отырған балаға ден қойып тыңда десең, сосын сол ден қойып тыңдағынның нәтижесі "ден қою» болса, логикаға жанспайтын орынсыз полисемияға, коммуникациялық жаңылысқа алып келетінін көрінуге болады.

  • Қайырлы күн. Бұл бекітілген термин ғой.
    1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі – служба реагирования на инциденты информационной безопасности (2022 жылы бекітілген термин)
    2. Ден қою шаралары – меры Толығырақ ...реагирования (2016 жылы бекітілген термин)
    3. Жедел ден қою шаралары – меры оперативного реагирования (2016 жылы бекітілген термин)
    4. Ден қою (индустрия) – реагирование (2015 жылы бекітілген термин)
    5. Жедел ден қою (мед) – оперативное реагирование (2014 жылы бекітілген термин)
    6. Ден қою – реагирование (Терминдер 2012-2015)
    7. Жедел ден қою – Оперативное реагирование (Терминдер 2012-2015)

    Ден қоюдың мағынасы мынадай :

    Ден қойды – көңіл бөлді, назар аударды, ықылас салды. Қасболат бұл сөздің мәніне д е н қ о я д ы, бірақ толық қанағат таппайды (Т.Ахтанов, Боран). Еліктеу түрінде емес, классик ақынның стиліне д е н қ о й ы п, соның дәстүрін меңгерді (М.Әуезов, Әр жыл.). Жоқ, онысына мен сенбеймін, олар сендік десе де анық, ақиқат көзі жеңіп д е н қ о й ы п, ұйып сенбейді (Абай, Таңд. шығ.). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.

    Ден қойды, көңіл қойды, ықылас салды. Сәтбаев Тониннің сөзін ден қойып тыңдады (Қ. Жұмалиев). М.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі: – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1988. - 193 б.

    Ден қойды – назар аударды, ықылас қойды; ілтипат көрсетті, көңіл бөлді; бойұрды. Көпшілік Сармолланың сөзін үлкен ықыласпен, аса ден қойып тыңдағандай болды (М. Әуезов). Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800 б.

    Ден [зейін, ынта] қойды – назар аударды, көңіл бөлді, ықылас салды. Еліктеу түрінде емес, классик ақынның стиліне д е н қ о й ы п, соның дәстүрін меңгерді (М.Әуезов, Әр жыл.). Жоқ, онысына мен сенбеймін, олар сендік десе де анық, ақиқат көзі жеңіп д е н қ о й ы п, ұйып сенбейді (Абай, Тол. жин.). Соның ішінде ол әдебиетке көбірек з е й і н қ о й ы п, көп жазады (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Шал әңгімесінің тұсында, құмарта қызыға ы н т а қ о й ы п отырып сергіп, тынығып қалыпты (Р.Әутәліпов, Алтын жеміс.). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 9-том. / Құраст.: Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова және т.б. – Алматы, 2011. -744 б.

    Ден қойысты
    а) Жұмыла кірісті, бәрі жабылды. Дайын пісіп тұрған ас қой, ыдыс-аяқ қамдап, стол дайындауға д е н қ о й ы с т ы (А.Байтанаев, Қансонар). ә) Ықылас қойып, тыңдасты. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 9-том. / Құраст.: Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова және т.б. – Алматы, 2011. -744 б.

  • Бақытгүл Ысқақова 2 апта бұрын

    "Ден" деген сөздің өзі адамның он екі мүшесін білдіреді. Ішкі сезіммен де, ақыл-оймен де, іс-әрекетпен де адам баласы бірдеңеге назар аударады, көңіл қояды, ден қояды, Сондықтан барлық жерде "ден қою" Толығырақ ...сөз тіркесін қолдану шарт емес. "Реагирование" -"ден қою" деп бекітілгенмен, контекске қарай басқа синониммен ауыстыруға болады деп ойлаймын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.