"
Имбирь сөзінің қазақша атауы жемжеміл. Қараңыз: ЖЕМЖЕМІЛ — зат. Дәрі шөп Зымбыр. Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: «Өнер» баспасы, 2013. - 480 бет.
Бұл атау бүкіл Толығырақ ...түркі халықтарына ортақ атау. Әзербайжан: zəncəfil, Өзбек: zanjabil, Түрік: zencefil
Каналина Гаухар Мурзабаевна, Қалиакбар Үсемхан, Шынтасова Гульзат Бурабаевна және 2
  • Сіз айтып тұрған «жемжеміл» сөзінің зімбір, жанжабыл, зәнзәбіл деген нұсқалары да бар. Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет категориясында қара зімбір – имбирь черный; жанжабiл тосабы, зімбір тосабы – имбирное варенье; Толығырақ ...жанжабілді сәбіз езбесі – морковное пюре с имбирем; зімбір, жанжабiл – имбирь деп берілген.

    Зімбір (имбирь) – тропиктік өсімдіктің кептірілген тамыр сабағы. Өзіне тән иісі және дәмі бар. Құрамында эфир майлары бар. Үгітілген зімбірден гөрі үгітілмегенінде хош иіс ұзағырақ сақталынады. Зімбірді кейбір тағамдар мен кондитер өнімдеріне дәмін кіргізуге пайдаланады. Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада, Аустралияда, Африкада, Үндістанда, Жапонияда 80-90 түрлері өседі. Қарапайым зімбір тамырында эфир майларымен бірге фенолтәріздес заттектер бар. зімбір саудаға тамырлар түрінде және ұнтақталған болып түседі. Оны аспаздықта, шұжық және ликер-арақ өндірісіңде қолданады. Хош иісті қоспа ретінде квасқа, ашымыққа, балға, пряникке, қалаштарға, тосап, компотқа қосылады.

    Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қоғамдық тамақтандыру. – Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. – 232 бет.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.