Severity: Notice
Message: Undefined index: post_data_count
Filename: controllers/Alan.php
Line Number: 344
Backtrace:
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 344
Function: _error_handler
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 1070
Function: get_post_items
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once
Сіз айтып тұрған «жемжеміл» сөзінің зімбір, жанжабыл, зәнзәбіл деген нұсқалары да бар. Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет категориясында қара зімбір – имбирь черный; жанжабiл тосабы, зімбір тосабы – имбирное варенье; Толығырақ ...жанжабілді сәбіз езбесі – морковное пюре с имбирем; зімбір, жанжабiл – имбирь деп берілген.
Зімбір (имбирь) – тропиктік өсімдіктің кептірілген тамыр сабағы. Өзіне тән иісі және дәмі бар. Құрамында эфир майлары бар. Үгітілген зімбірден гөрі үгітілмегенінде хош иіс ұзағырақ сақталынады. Зімбірді кейбір тағамдар мен кондитер өнімдеріне дәмін кіргізуге пайдаланады. Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада, Аустралияда, Африкада, Үндістанда, Жапонияда 80-90 түрлері өседі. Қарапайым зімбір тамырында эфир майларымен бірге фенолтәріздес заттектер бар. зімбір саудаға тамырлар түрінде және ұнтақталған болып түседі. Оны аспаздықта, шұжық және ликер-арақ өндірісіңде қолданады. Хош иісті қоспа ретінде квасқа, ашымыққа, балға, пряникке, қалаштарға, тосап, компотқа қосылады.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қоғамдық тамақтандыру. – Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. – 232 бет.